Еліміз бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы тұлғаны жеке сәйкестендіру процесі автоматтандырылды. Бұл әр түрлі заңсыз әрекеттердің алдын-алмақ.

Яғни, тұрғындар мамандандырылған халықққа қызмет көрсету орталықтарында жеке куәліксіз барып қызмет ала алады. Биометриялық сәйкестендіруден өтіп, қажетті мақсатына қол жеткізуге болады. Бұл жаңашылдық - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл. Әрі халықты қағазбастылықтан арылту әрекеті.

Егер сіздің суретіңіз мемлекеттік қорда болмаса, қызмет көрсетілмейді. Бұл – жеке куәлігіңізді жаңарту керек деген сөз.

Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сізге қатысты қызметке бөге біреудің араласуына мүмкіндік жоқ. Жаңашылдық еліміз бойынша іске қосылған.

Жанасыл Серікғбол