Сонымен қатар, алда халықаралық әйелдер мерекесі келе жатыр. Аналарын ардақтап, қарындасын қадірлеген халыққа бұл мейрам айрықша ыстық. Бүгінде нәзік жандылар қауымы ел дамуының әр саласында еңбек етіп келеді.
Мария Малютина 18 жасынан бері әскери салада қызмет етіп келеді. Павлодар аудандық әскеи бқлімінде техникалық қызметкер ретінде еңбек жолын бастаған. Сондан бері 20 жылдан асса да әскери саланың үздік қызметкерлері қатарында.
Марина Малютина, құпия және жұмылдыру ісін өндіру бөлімінің бастығы:
Екі мың сегізінші жылы бірінші ақпан күні мені келісімшарт негізінде қызметке шақырды. 23-ақпан күні ант қабылдадым. Міне, содан бері мен Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп келемін.
Әйел адамныі әскери салада қызмет етуі әрине өзіндік қиындықтарға толы. Десе де ол антына адал. Табиғатына біткен нәзіктікке бой алдырып, ісіне салғырт қараған кезі болған емес.
Марина Малютина, құпия және жұмылдыру ісін өндіру бөлімінің бастығы:
Біле білсеңіз әскери салада ер мен әйел деген түсінік жоқ деуге болады. Десе де ер ададмар бізге ерекше қаморлық танытып жүреді. Бұл біздерге әскери әйелдер қауымына жасалған құрмет ретінде қабылдаймыз.
Негізгі қзытметі құжаттармен жұмыс істеу болса да қызмет етіп жатқан саланың талабына сійкес физикалық тұрғыда шынығу әрқашан қажет. Барлық әскери қызметкерлер сияқты оқ атудан бастап, өзге де жаттығу түрлерімен тыңғылықты айналысады.
Марина Малютина, құпия және жұмылдыру ісін өндіру бөлімінің бастығы:
Біз ант қабылдадық сондықтан бізде күн мен түннің айырмашылығы жоқ. Кез-келге уақытта, кез-келген жағдайға дайын болуымыз керек. Тәуліктің әр сә»тінде бізге шақыру келі мүмкін. Бәріне дайын болу .
Ол – мамандық таңдауда еш қателеспегендігін айтады. Әрине, әйел нәзіктік пен сұлулықтың символы. Ал, үстіндегі форма тіптен әсемдік сыйлайды.
Жанасыл Серікбол