Павлодар облысында 600-ден астам азамат өзін банкрот деп тану үшін өтініш берген. Басым бөлігі облыс орталығының тұрғындары. Азаматтардың құжаты 15 күн ішінде қаралады.

Павлодар өңірінде банктан несие алып өтей алмай жүрген азаматтар саны 28 мыңнан асады. Олар 28 млрд теңге соммасында қаржы ұйымдарына берешек. Он күн ішінде 657 өңір тұрғын жауапты мекемеге арыз қалдырған. Бұл құжаттар қазір қарастырылып жатыр.

Әсемгүл Байғұтанова, мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

Павлодар облысында қазір 580 өтініш берілді. Олардың барлығы қарау сатысында жұмыс жүріп жатыр. Өтініш 15 күн ішінде қаралады. Облыс орталығында берілген өтініштер ең көп саны 223 өтініш берілді. Екібастұз қаласы бойынша 162 өтініш берілді. Ақсу қаласы бойынша 56 өтініш берілді. Мысалы аудандар бойынша Павлодар ауданы ең көп өтініштер 76 өтініш Павлодар ауданынан берілді.

Аудандар арасында Павлодар ауданы көш бастап тұр. 82 тұрғынынан өтініш келіп түсткен. Терекөлден 18 және Баянауыл мен Шарбақты аудандарынан 12 азамат арыз берді. Борышкердің қарызы 5 млн 500 мың теңгеден аспауы керек.

Әсемгүл Байғұтанова, мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

Павлодарлықтардың назарына бұл азаматтардың борыштық жүктемесін азайту. Бірақ банкроттық қарыз мәселелердің соңғы шарасы екенін түсу керек. Банкроттық неселер рақымшылық емес. Маңызды шектеулер болады. Бірінші тыс банкроттық мемлекеттік кірістер қарайды. Бұл арқылы өтініш егов портал үкіметіне ол 15 күн арасында қаралады. Ал екінші сот және төлем қабілетін бұл сот арқылы қарайды.

Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, банкрот деп танылу үшін әсіресе 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтар жүгінеді. Еске саламыз, өзін банкрот деп танытқан азамат 5 жыл бойы банктан несие ала алмайды. Оған қоса шет елге шығуға құқығы жоқ. Және де 3 жыл бойы құзырлы мекеме тарапынан қаржы бойынша бақылауда болмақ.

Әйгерім Тоқпанқызы