Бүгін «ALTAI» телеарнасына 65 жыл! Қазақ телевизиясының шығыстағы айнасы болған жаңалық жаршысының қызмет атқарып жатқанына биыл жарты ғасырдан астам уақыт толды. Әріптестеріміз көзіқырақты көрерменге мазмұнды, озық дүниелерді ұсынып келеді.

Қазақ телевизиясының құрдасы. Алматы студиясынан кейін құрылған еліміздегі екінші телеарна. 1958 жылы 16 наурыз күні эфирге «Жеңіс салюті» бағдарламасы шықты.

Бүгінде заман талабына сай жабдықталған технологиялардың арқасында телеарна халыққа сапалы ақпар таратады. Арна ұжымы білікті, білімді кадрлармен толықты.

Нұртас Көшеров, «ALTAI» телеарнасының директоры:

2020 жылдан бастап біз телеарнадағы өзіміздің басты студияларымызды ол «Алтай» ақпараттың және де таңғы бағдарлама «Алтай таңының» студиясын жаңарттық. Ол жердегі декарация қазір заман талабына сай. Осы жұмыстардың арқасында кез-келген бағдарламаларды түсіруге мүмкіндік алып отырмыз.

Өткен жылы телеарна тарихында алғаш рет санды форматтағы екінші аппаратты-студиялық кешен жасақталып, іске қосылды.

Нұртас Көшеров, «ALTAI» телеарнасының директоры:

Сонымен қатар, ерекше атап өтетін жәйт, соңғы 17 жылда телеарнамыздың әкімшілік ғимаратына жөңдеу жасалды. Біз осы аталмыш жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз.

«ALTAI» телеарнасы Шығыс Қазақстан облысы аумағында цифрлық форматта тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Кәсіби мамандар шоғырланған телеарна ұжымы ұлттың бет-бейнесін қалыптастырып, елдің дамуы үшін талмай еңбек етіп жатыр.

Аяулым Рахымжанова