Наурыз - жаңару мейрамы. Облыстық перинаталды орталық дәрігерлері аналарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, сыйлықтар тарту етті. Наурыз айының басынан перзентханада 150-ден астам сәби дүниеге келген.

Әз наурыз мерекесіне орай дәрігерлер күнделікті киетін ақ халатын ұлттық гақыштағы киімге алмастырды. Олар ана атанған нәзік жандыларды құттықтап, сыйлықтар табыстады. Железин ауданының 31 жастағы тұрғыны Жадыра Әбешова 6 баланың анасы. 1 қыз және 5 ер перзенті бар көп балалы ана. Дүние есігін берекелі наурыз айында ашқан ұлының есімін халқымыздың ұлы көсемі Абылай ханның құрметіне қойды.

Жадыра Әбешова, Железин ауданының тұрғыны:

Осы перинаталды орталықта қазақтың көктем мерекесіне қарсы 6 ұлымды дүниеге әкелдім. Есімін Абылай деп қойдық. Қазақтың ұлы ханы ақылды ер азамат болсын деп. Барлық ақ халатты абзал жандарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын шын жүректен. Үлкен алғысым шексіз. Біздің аман есен босандырып алғанына. Барлық қазақ халқын наурыз мерекесімен құттықаймын шын жүректен.

Наурыз - ұлтымыз үшін ырыс берекесі артқан ай. Мереке қарсаңында орталықта 167 нәресте дүние есігін ашты. Әз наурыз мерекесіне орай ақ халаттылар театрландырылған көрініс қойды. 9 бөлімше жеке ауыл болып ұлт мерейін асқақтатты.

Күләш Ахметова, облыстық перинаталды орталықтың қызметкері:

Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, сіздердің жанұяларыңызға бақыт, денсаулық тілеймін. Осындай аспанымыз ашық болсын. Бүгін міне наурыз мерекесіне қарсы іс шаралар өткізіп жатырмыз. Біздің орталықтабіздің 9 бөлімше бар. Қыз ұзату көрсетті, бесікке салу рәсімін жасады. Құда күту, құйрық бауыр, ас ату деген сияқты. Өзіміздің қазақ халқының салт дәстүрлерін көрсетіп жатырмыз.

Құрт, бауырсақ шашылды. Сапырылып наурыз көже мен қымыз ұсынылды. Осылайша ақ халатты ұлы мамандық иелері наурыз мейрамын тойлап, аналарға керемет көңіл күй сыйлады. Кеш ажарын концерттік бағдарлама аша түсті.

Әйгерім Тоқпанқызы