Сонымен Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлаудың ресми қорытындысы мынадай: саяси науқан күні 6 млн 366 мың 441 адам таңдау жасаған.

Осылайша, «Ақ жол» партиясына сайлаушылардың 8,41%, «Amanat» партиясына 53,90%, «Ауыл» партиясына 10,90% мен Жалпы социал демократиялық партиясына 5,20 пайызы дауыс берген. Ал «Байтақ» партиясы ең аз дауыс жинаған, оған респонденттердің 2,30% ғана дауыс беріпті. Сондай-ақ, Қазақстан халық партиясы – 6,80%, «Respulica» партиясы –8,59% дауыс жинаған. Ал «бәріне қарсымын» деген нұсқаны 248 291 адам, яғни сайлаушылардың 3,90% таңдаған.