Екібастұз қаласынан шұғыл түрде медициналық авиациясы арқылы облыс орталығына жүктіліктің 25 аптасында дүниеге келген 950 грамдық шақалақ жеткізілді. Жаңа туған нәрестені перзентханадан тасымалдауға өтінім 26 наурызда сағат 16:00 шамасында келіп түсті. Жоғары білікті неонатолог және медбике бар тікұшақ жіберілді. Бригада кувезбен және жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға қажетті басқа жабдықтармен қамтамасыз етілді. Шамамен кешкі сағат жеті кезінде нәресте облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Қазір сәби ақ халаттылардың бақылауында.

Ардақ Қапаров, облыстық перинаталды орталықтың дәрігері:

Екібастүз қаласында туылғаннан кейін 2-3 сағатта біздің перинаталды орталыққа келді. Баланың жағдайы ауыр. Салмағы кішкентай уақытына жетілмеген. Әзірге өзі демалмайды. Искусственный вентиляцияда жатыр.

Әйгерім Тоқпанқызы