Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта мұз үстінде балық аулаудың қауіпті екендігін ескертеді. Осыған орай арнайы рейд өткізіп, балықшыларға ережелердің жадынамасын таратты. Шараға біздің түсірілім тобы да қатысты.
Усолка жағалауы балықшылардың жиі келетін орыны. Жазда да, қыста да қармақ салушылар қарасы мұнда мол. Десе де, дәл қазіргі уақыт тәуекел ететін кез емес. Көктем келді, мұз жұқарып жатыр. Осы себепті төтеншеліктер арнайы реидтік шара ұйымдастырып, қауіпсіздік жадынамаларын таратып отыр.
Усолка өзені балықжай. Қазірдің өзінде бір топ балықшының қармағы қауып, олжаға кенелген. Бұл біздің кәсібіміз емес, ермегіміз дейді олар.
Төлеген Нұрбаев, балықшы:
Аса көп шыға қоймаймын. Шығам жай. Мұнда балық сақ. Бүгін ғана ірі балықтар жатыр. Бір-екі күнде тоқаймын. Бізге, шалдарға уже қорқынышты әрі қарай. Бос уақыт өткізу, ермек. Хобби дейді ғой әлгі сол.
Әрине, хоббидің болғаны жақсы. Алайда, оның өмірге қауіп төндірмегені абзал. Балықшылардың мұз үстіне шыққанда алып жүруі тиіс құтқару жиет, арқан сияқты қажетті құралдары болуы керек. Бұдан да өзге қауіпсіздік шаралары бар.
Тілекжан Галямов, ТЖБ бастығының орынбасары:
Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқамрасы бүгінгі күнде оеидтік іс-шаралар жүргізуде. Басты мақсаты-тқтенше жағдайлардың алдын-алу Бүгінгі күні Усолка өзеніннің мұз айдынында түсіндіру жұмыстары жүргіздік. Мәселен, топтасуға болмайды. Ішімдік ішуге, бірнеше ойық жасауға тиым салынады.
Ертіс өзені биыл астынан еріп жатыр. Сондықтан, мұздың қалыңдығына сенім артудың қажеті жоқ. Кез-келген орын, кез-келген уақытта жарылып кетуі мүмкін. Төтеншеліктер өтпелі кезеңде мұздың бетіне шықпаған дұрыс екендігін айтады.
Жанасыл Серікбол