Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ драма театры жаңа қойылымның тұсауын кесті. «Ұждан» әфсанасы әйгілі ақын, ойшыл, ағартушы Шәкірім Құдайбердіұлының 165 жақса толуына орайластырылған. Қойылым да ақынның осы аттас әңгімесінің негізінде сахналанды.
Бұл - Аймауытов театрының биылғы жылдағы алғашқы премьерасы. Шәкірім ақынның шығармашылық пәлсапасына құрылған әфсаналық қойылым. Дайындық үш айға жуық уақытқа созылыпты. Шығарманы таңдауда еш қателеспедік дейді Мәскеу қаласынан арнайы келген режиссер.
Азамат Нығманов, қойылым режиссері:
Ұлттық бағыттағы қойылымды сахналағым келді. Қазақ халқының авторларын қойғым келді. Өткені, өзім Ресейде өскендіктен, өз ұлтымның мәдениеті әрқашан қызықтыратын. Өз жазушыларымыз бен драматургтерімізді біз танытпасақ кім танытады. «Ұждан» қойылымы өте терең мағыналы шығарма. Театрлық фантазия, қойылымдағы ерекше тәсілдер арқылы мағынасын аштық деп ойлаймын.
Адамзат жаралғалы келе жатқан мәңгілік сұрақтар бүгінде маңызды. Адамның ғұмырында жасаған жақсылығы мен жамандығын таразыға салатын бір құдірет бар. Ол – ұждан. Өмірдегі бар тайталас осы таразының алдында өтеді.
Қойылымда басты роль жоқ. Халық бейнеленіп, ақ пен қараның арбасуы сомдалады. Режиссер Азамат Негимовтың жұмысымен бұрынан таныс театр актерлары онымен жұмыс істеуге бірден келісіпті. Әрі театр әлеміндегі Мәскеулік мектептің тәжірибесі де біздің өнерпаздардың қызығушылығын тудырған.
Бауыржан Манапов, актер:
Біздің ұстаздарымыз Мәскеуден бітіріп келген кісілер ғой енді. Түбі сол жақтан. Бірақ, соғыс кезде мәскеуліктер игровой театр жаққа кетті. Бізде көбі психологиялық театр. Бізге бұл бағыттта жұмыс істеу өте қызықты болды.
Қойылым барша адамзат баалсына ар мен ұяттың ұлы құдірет екендігін жеткізетіндей...
Жанасыл Серікбол