Бірнеше жыл бұрын Екібастұз қаласында тұратын Арулат есімді ер баланың тырнақ әрлеумен айналысатынын айтып едік. Енді жеткіншек осы 4 жыл ішінде жинаған тәжірибе мен еңбегінің арқасында сұлулық салонын ашқан. Тіпті, інісін де осы іске баулып отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отыр.
Алға қойған нақты мақсат, батыл қадам мен еңбекқорлық жеңіске жетелейді. Оған дәлел екібастұздық Арулат пен Бексұлтан. Бүгінде жеткіншектер шаһардың қақ ортасында сұлулық салонын ашып кәсібінің нәсібін көріп отыр. Арулаттың бұл іске келуіне інісінің денсаулығы себеп болған. Ол маникюр ісімен табыс тауып мүмкіндігі шектеулі інісінің еміне қаражат жинауды көздеген. Алғашында жас шебердің бұл ойын отбасы құптамайды. Кейін базалық курстан өтуге көмек беріп, алдағы жарқын болшағына жол ашады.
Арулат Мұхаметқали, маникюр шебері:
11 жасымда анам бір шеберді үйге шақырған. Мен көріп алдым, маған ұнап қалды. Анамның қолын тазалағаны, қалай бояғаны. Маған соның бәрі ұнап қалды. Соңында анам шеберге төлеген кезде, мен сол ақшаны аяп. Ана сіз неге біреуге төлейсіз. Мен өзім сізге жасай аламын. Тегін әр ай сайын сізде таза маникюр. Басында айтқан иә, жарайды деп. Маған ұнап тұрды сол. Қазір де ұнап тұр.
Арулат қазір елімізге танымал ең жас нейл шебері. Ол алғашқы жұмысын небәрі 500 теңгеден бастады. Базалық курсты өткен маман, кейін, әлемге танымал бьюти саласындағы үздік тәлімгерлерден білім алған.
Арулаттың 12 жастағы інісі Бексұлтан да хейр шебері. Ол салонға келген кішкентай баладан бастап ересек жандардың да шашын алады. Ата-анасы балаларына күніне тек бір, екі клиентті қабылдауға рұқсат береді. Өйткені сабақ бірінші орында.
Арулат Мұхаметқали, маникюр шебері:
Ол маған қарап. Маған айтады сенде ақша бар. Сосын айтады саған қаша табуға болады, маған болмайды деп. Сөйтіп мен оған көрсеттім. Қалай маникюрді жасау керек екендігін. Ол оған ұнаған жоқ. Сосын сұрадым сен немен айналысқын келеді? Мысалы бар визаж және массаж. Сосын шаштараз. Сосын айтты иә мен шаштараз болғым келеді.
Арулат 4 жыл ішінде бьюти саласындағы чемпионаттарға қатысып, 50-ге жуық марапат алған. Еске салайық, Арулат сұлулық жарыстарындаға ең жас қатысушы. Десе де, ол өзінің бойындағы еңбек пен талантының арқасында байқауларда топ жарып жүр.
Мөлдір Сағидолла