Павлодар облысында қансорғыштармен күрес жұмыстарына дайындық басталды. Биыл Ақтоғай және Тереңкөл алқаптарында шыбын-шіркейге қарсы авиаөңдеу жүргізіледі. Өткен жылы бұл екі ауданда жағдай ушығып кеткен еді. Салдарынан үлкен-кішінің сыртқа шығуы қиындап, төрт түлік малдан да маза қашты. Бұл қателіктердің енді қайталанбауы үшін қосымша 528 млн теңге бөлініп отыр.
Аймақта 71 мың гектардан астам аумақтағы қансорғыш жәндіктер осы препаратпен өңделеді. Бұл жер Ертіс өзенінің алқабына тиесілі.
Мирас Жұмаділов, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:
Биологиялық препарат авиаөңдеуде және Ертіс арнасын өндеу кезінде қолданылады. Ал қала ішіндегі ұщып кеткен шыбын-шіркейге қарсы жұмыстар химиялық препаратпен өнделеді.
Ертіс өзенінің бойында орналасқан Павлодар облысында маса, шыбын-шіркей мәселесі жылда өткір тұрады. Мамыр айы келсе болғаны масаның мазаны алатыны соншалық, кей тұрғындар далаға шығудан қалып, енді бірі шыбынға қарсы түрлі айла-амал қолданады. Қуанышқа орай, өткен жылы облыс орталығында жағдай біршама жақсарды. Дегенмен, бірнеше ауыл-аймақтың халқы зардап шекті.
Мирас Жұмаділов, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:
Ғылыми сүйемелдеу тобының ұсыныстары бойынша өткен жылғы қателіктерді болдырмау бойынша қала аумағынан басқа Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының алқаптарын авиөңдеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар Ақсу қаласындағы 11 мың гектар аумақ өнделетін болады. Бізде қала маңындағы авиөңдеу, өзен арнасын өңдеуге 3 жылдық келісімшарт бойынша биыл 528 млн теңге бөліңген болатын. Қосымша Ақтоғай мен Тереңкөлге 568 мле теңге.
Бүгінде ғылыми сүйемелдеу тобы шыбын-шіркей дернәсілдерінің фенологиялық дамуын бақылап жатыр.
Мирас Жұмаділов, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:
Биылғы жұмыстар осындан бұрынғы жұмыстардан басты айырмашылығы - бұл облыс бойынша жайылманы жалпы реттейтін бірегей ғана ғылыми топ құрылған болатын. Бұл топтар күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Қала-аудандарға орналастырылған. Қазіргі таңда лечинканың даму үрдісі сәл төмен болып саналады. Су кішкене жылына бастаған кезде даму үрдісін жеделдетеді. Сәуірдің ортасы, не соңы болады ма, бірден өңдеу жұмытарына көшеміз.
Өткен жылы облыстың әр ауданында дезинсекция жүргізу үшін бөлінген қаржы 10 млн теңгеден аспады. Биыл бұл сомма бірнеше есеге өсті, яғни аудан бюджетінен 20-30 млн теңге бөлініп отыр.
Аяулым Рахымжанова