Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры шеңберінде ем қабылдау үшін міндетті түрде емханаға тіркелу керек. Оның екі жолы бар.

Дәрігерлердің айтуынша, пациенттердің көбі тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеледі. Бұл қызметті үйден шықпай-ақ егов порталы арқылы онлайн алуға болады.

Айгүл Әбілхасан, №5 емхана басшысының орынбасары:

Адамдар келгенде тіркелуге оларға екі түрмен тіркелуге болады. Бір немен ол электронный правительства арқылы. Электронный цифровой подпись болғанда олар таңдайды. Қандай участок керек. сол арқылы тіркеледі.

Егов порталына кіргеннен кейін КюАр кодын сканерден өткізу керек. Одан әрі денсаулық сақтау қызметін таңдап, медициналық ұйымға бекіту бөліміне өтіп, тұрғылықты мекен жайын толтырасыз. Жауабы бір күн ішінде келеді. Екінші әдісі бұл тікелей ауруханаға барып тіркелу. Өзініңбен бірге жеке куәлігіңіз бен медициналық карта болуы шарт. Бүгінде облыс орталығында орналасқан №5-ші ауруханаға 56 мың адам тіркелген.

Айгүл Әбілхасан, №5 емхана басшысының орынбасары:

Екінші біздің емханаға келгенде бірінші этажда бізде адамды тіркейді қағаз бойынша. Олар өтініш жазады біздің бастыққа сосын ол бізге тіркеледі. Қазір бізде күніне 20-30 шақты адам тіркеледі. Емхана аумағында жақын жерде тұрған адамдар бізге тіркеленеді.сосын жылына бір рет бізде болады компания прикрепления 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін.

Азаматтар мемлекеттік қана емес, жеке меншік клиникаларға да тіркеле алады. Бастысы, бұл емхананың медициналық сақтандыру қорымен келісімшарты болуы керек.

Әйгерім Тоқпанқызы