Алдағы мереке күндері облыс бойынша мыңнан астам шара өтеді. Бірінші мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай облыста бірқатар ауқымды шаралар жоспарланған. Ал, 7-мамыр отан қорғаушылар, 9-мамыр жеңіс күнін атап өту барысында жастарды патриоттық сезімге баулитын шаралар легі қамтылған. Сондай-ақ, ардагерлерге бір реттік жәрлемақы да төленеді.
Бірінші мамыр мееркесінің негізгі мазмұны Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту. Жалпыұлттық сананы, ортақ мәдени құндылықтарды қалыптастыру. Мереке қарсаңында Елорадада Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 32 сессиясы өтеді. Оған біздің өңірден 30 адам қатысады. Ынтымақ мерекесін тойлауға барлық шығармашылық ұжымдар ат салыспақ.
Балтабай Қаппасов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы:
Әлеуметтік желілерде бір шаңырақ астында патриоттық челлендждері жарияланады. Шынайы тарихтар кеінен таратылады. Әлеуцметтік осал топтарды қолджау бойынша қайырымдылық шаралары, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.
Ал, отан қорғаушылар күнін тойлау рухы патриоттық тәрбиені жандандыру, аға ұрпақты құрметтеу рухында болады. 5-мамыр күні әскери-париоттық клубтар арасында саптық ән байқауы, «Айбын» әскери-патриоттық жиыны өтеді. Бұл күні соғыс ардагерлерімен бірге, бейбіт күні ерлік көрсеткен қарапайым азаматтар да құрметтелетін болады. Ал, 9-мамыр жеңіс күніне орай облыстың көпшілік орындарында мемлекеттік тумен түстес жеңіс лентасын жаппай тарату жоспарланып отыр.
Балтабай Қаппасов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы:
Тоғызыншы мамырда барлық қалалар мен аудандардағы даңқ обелискіде гүл шоқтары қойылады. Бүкіл республика бойынша «Ер есімі ел есінде» атты париоттық шеруі онлайн форматта ұйымдастырылады. Концерттік бағдарламалар өткізіледі.
Бүгінде Павлодар облысында 12 ұлы отан соғысының ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына еспшотына 2 млн теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі. Мерекені ауқымды атап қту үшін жалпы 370 мәдени шара жоспарланған.
Медет Тауасқан, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
Қарттар үйінде «жеңіс күні» атты «Шаңырақ» орталығынң ұйымдастыруымен мееркелік концерт. Фиармонияның концерттік залында мерекелік концерт. Айтмауытов атындағы театрында «Күтпеген кездесу» драмасы. Чехов атындағы драма театрында қойылымдар өтеді. Мереке күндері біз облыстық барша музейлердің есігін қонақтарға балалар мен зейнеткерлерге тегін қыламыз деп жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, облыстық архив мекемесінде Бұқар жырау және облыстық көркемсурет музейінде көрмелік шаралар ұйымдастырылады. Облыс әкімі алдағы мерекелерді атап өту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, мәдениет, білім беру, спорт басқармаларына шаралар кешенін ұйымдастыруды, қалалар мен аудандардың әкіміне елдімекендерді мерекелік безендіруді, құрбандарды еске алуға арналған ескерткіштер мен обелискілерді абаттандыруды тапсырды.
Жанасыл Серікбол