Ақсуда ERGSkills кәсіби шеберлік бойынша үшінші өңірлік байқауы қорытындыланды. Бірнеше күн бойы 40-тан астам жас маман өз саласында үздіктерді анықтады.

Кәсіби жарыстарға Қазақстанның өндіріс алыптарының серіктес оқу орындарының студенттері мен компанияның жас мамандары қатысты. Олар төрт негізгі өнеркәсіптік автоматика, электрмонтаж, қалып жасау ісі және инженерлік графика бағытында өз шеберліктерін көрсетті. Оларды арнайы сарапшы мамандар бағалады.

Александр Конев, байқау сарапшысы

«Кез келген жағдайда бұл үлкен тәжірибе. Алдағы уақытта компаниялармен жұмыс жасау барысында бұл көрінетін болады.Барлық қатысушылар өте мықты болды. Әсіресе колледж қатысушылары тыңғылықты дайындалғандары көрініп тұр.Себебі оларда арнайы дайындыққа уақыт бар ал бізде ондай мүмкіндік жоқ.Қарсыластарымыз мыфқты болды.»

Әр бағыт қатысушылардан жоғары деңгейдегі практикалық дайындық пен кәсіби сенімділікті талап етті. Қатысушылар арасында нәзік жандылар жоғары дайындық деңгейін көрсете алды.

Карина Оленбург, байқау жеңімпазы

«1 орын аламын деп мүлдем күтпеген едім.Себебі менімен қатысқан үміткерлер өздерін жақсы қырларынан көрсетті.Мен қатты таңқалдым, себебі мұндай сайысқа алғаш рет қатысып отырмын. Мен өте қуаныштымын , бұл мен үшін үлкен тәжірбие.»

ERGSkills байқауы осымен үшінші жыл қатарынан өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды жастардың басын қосып отыр. Айта кетейік, өңірлік кезең жеңімпаздары байқау финалында өз облысының намысын қорғайтын болады. Айта кетейік, мұндай байқауларға қатысқан колледж студенттері тұрақты жұмыс орынымен қамтылып келеді.

Олжас Мамырбаев, ERG білім беру жобаларының менеджері

«Бірінші орын алған үміткерлер финалға жолдама алды.Оны біз күз мезгілінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, шет мемлекетке шығып тәжірибеден өтуге мүмкіндікті күз айына жоспарлап отырмыз.Ол жазғы демалыс біткен соң жүзеге асады.2-3 орын алған қатысушыларды да кадрлық резервке қосамыз. Колледжді аяқтағаннан кейін біз оларды жұмысқа шақырамыз.Біз қазірден бастап оларды өзімізге белгілеп алдық. Бітіргенне кейін жұмысқа орналасады.

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында өтетін мұндай байқаудың маңызы зор. Қатысушы жастар тәжірибе алмасып, кәсіби маман ретінде шыңдала түседі.

Дильназ Куанышбекова