Жаз келіп, демалыс маусымы жақындап қалды. Күн ысыған сайын өзен-көл жағасына асығатындар көбейетіні анық. Осы бағытта балалар үшін қандай шаралар қабылданды? Ата-аналар нені білуі тиіс? Осы және өзге де сұрақтар өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаралды.

Облыс аумағында 47 жағажай бар. Оның 27-сі коммуналдық, 20-сы жеке иелікте. Биыл «Жаз-2025» маусымында судағы қауіпсіздікке байланысты барлық шаралар бекітілді. Бұл адамның өмірін қорғауға бағытталған жоспар. Айта кетейік, көктем басталғалы тұрғындар арасында 1164 рейдтік шара өткізілді. Қауіпсіздік ережелері жазылған 6844 жадынама таратылды.

Темірлан Жапалбай, Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері

Рейд барысында судағы қауіпсіздік бұзған 5 адамға әкімшілік хаттама толырылды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 422 мақала, баспаларда 126 материал шықты. 96 бейнеролик әзірленді. Бізде жазғы мезгілде жағалауда «бақытты балалық шақ» мектебінің жұмысы жанданады. Яғни, ол сабақта арнайы практиткалық сабақтар өтеді. Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережелері, медициналық көмек көрсету тәсілдері жеткізілетін болады.

Білім басқармасымен бірлесіп, мектептерде 56 ашық сабақ, 19 практикалық және 61 сынып сағаты өтті. Оған барлығы 4000-нан астам бала қатысты. Одан бөлек, оқу орындарында 526 қауіпсіздік бұрышы орнатылған.

Темірлан Жапалбай, Павлодар облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері

Бізде балалардың судағы қауіпсіздігіне аса мән беріледі. Яғни, білім басқарамысымен арнайы практикалық сабақтар өтеді. Оқу орындарына бару арқылы, балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін жеткізу. Айтып өткендей оқу жаттығулар, балаларға тартымды болатындай құтқарушылардың жасақтарын көрсетіп, балалардың назарын аударуға тырысамыз.

Бүгінде облыс бойынша 123 каркасты-модульдік бассейн бар. Жыл басынан бері 5200 оқушы жүзуге үйренді. Айта кетейік, Шаһарда 45 тыйым салу белгісі орнатылды. Әр белгінің өз учаскесі туралы мәліметі мен QR-коды бар. Бұл арқылы тұрғындар сол жердегі қауіп туралы нақты ақпарат алады.

Сабина Жолдаспаева