Биыл Павлодар мұнай химия зауыты экологиялық шараларға 1.6 млрд теңге жоспарлап отыр. Бұл бағытта жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіледі. Толығырақ тілші сюжетінде.
«Павлодар мұнай химия зауыты» өткен ғасырдың 70-80 жылдары іске қосылды. Қазіргі таңда екі бағытта жұмыс жасайды. Зауыттың ішкі жұмысымен танысу үшін Павлодар облысы экология департаменті мен табиғатты қорғау прокуратурасы және колледж студенттері барды.
Әсет Сыздықов, Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары
2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2024-2029 экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бекітілген. Оны жүзеге асыру мақсатында Павлодар мұнай химия зауытында студенттерге таныстыру жүргізілді. Іс шараның мақсаты жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, хабардар ету.
Павлодар мұнай химия зауытында 2500 жуық адам жұмыс істейді. Өндірістік қуаты жылына 5.6 млн тонна болса 2029 жылға қарай оны 9 млн тоннаға жеткізу көзделуде. Биыл қысқы дизель отынын шығаратын депарафинация блогын іске қосу жоспарланып отыр. Яғни, қорташаған орта мәселесі үнемі назарда.
Сергей Петрук, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары
2024 жылы битум пеші қолданысқа берілді. Бұл мазуттың өндіріс көлемін артты. Оған қоса бұл жерде жанар-жағармай аз мөлшерде қолданылады. Сұйық жанар-жағармайды қолдану жағы азайды. Фильтрлеу станциясы іске қосылды. Бұл шығындыларды қайта өндеуге мүмкіндік береді.
Биыл «Павлодар мұнай химия зауытымен» экологиялық шаралар жан-жақты жүргізіледі. Бұл мақсатта 1.6 млрд теңге жоспарланып отыр.
Самал Қалиқызы