Павлодар қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, алғаш рет мектепішілік Абай оқулары өтті. Бұл тағылымы мол рухани шараға жүзден аса оқушы қатысып, өзара өнер мен білім бәйгесінде бақ сынады. Жас өрендер хакім Абайдың шығармаларын мәнерлеп оқып, оның даналыққа толы ой-толғамдарын жүректеріне сіңіріп, сахна төрінде шеберлікпен жеткізе білді.

Ұлы ақынның рухани мұрасын дәріптеуге арналған бұл сайыс — «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған. 2-сыныптан бастап 10-сыныпқа дейінгі оқушылар Абай өлеңдерін жатқа айтып, ақынның қара сөздерінен үзінді келтірді.

Бақытгүл Төлеухан, Ж.Тәшенов атындағы ЖОББМ директорының орынбасары

Сайысқа 3 топқа бөлініп қатысады. 2-4 сынып оқушылары ,5-7 сынып дәнке 8-10 сынып болып сайысқа түседі.Бұл сайыстың мақсаты қазақтың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың мол мұрасымен оқушыларды тәрбиелеу білімге құштар ету.Абай мұрасымен сусындату.

Аталмыш сайыс барысында ерекше көзге түскен талапты оқушыларға арналып 3 бас жүлде, 3 бірінші, 3 екінші және 3 үшінші орын белгіленді. Бас жүлде иегерлеріне— заманауи велосипедтер табысталды. Бұл — жас дарындарды шабыттандырып, алдағы шығармашылық жолына серпін берген зор марапат болды.Абай оқулары — тек жарыс емес, ұрпақ санасына ұлттық құндылықты сіңіру, өлең мен сөз құдіретін таныту, рухани биікке жетелеудің айқын көрінісі. Шараның демеушісі мектептің ата-аналар алқасының белсенді мүшелері атсалысты.

Талғат Өмірбаев, ата-ана

Енді осы мектепте біздің балаларымыз тәрбие білім алсын деп ата-ана ретінде қандай тәрбие бере аламыз деген оймен осындай жобаны қолдайық деп шештік.Бір велосипед алып балаларға мотивация ретінде алып келдік.

Сайыс төрешілері — қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, оқу ісінің меңгерушілері, ата-аналар мен құрметті қонақтар болды. Шараға үш ай бойы тыңғылықты дайындалған оқушылардың өнері де жоғары бағаланды.

Аружан Жүкей, Ж.Тәшенов атындағы ЖОББМ 11-сынып оқушысы

Жалпы сайыстың пайдасына өтсем бұл өлеңдерді жаттау барысында тілдік қорымды байыттым.Абай атамыздың өмір жолымен таныстым.Келер ұрпақтың да осындай сайыстарға қатысып жатқанына өте қуанышытымын.Өйткені Абай атамыз тарихта есімі мәңгі қалатын тұлға:сыйлықтары даөте қуантарлық бұл өскелен ұрпақты ынталандыруға бағытталған.Және де осы сайысты ұйымдастырып жатқан мектеп әкімшілігіне. Ата-аналарға мың алғыс.

Абай — ұрпаққа өнеге. Ұлы ақынның сөзімен сусындаған жас буын ел ертеңінің кемел болуына үлес қосары анық. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта бұл жобаны дәстүрлі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Дильназ Куанышбекова