Екібастұзда ыстық су кезең-кезеңімен беріледі. Қазір жылыту маусымынан кейін жылу желілеріне сынақ жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары аяқталған соң, ыстық су толық жіберіледі. Қосу мерзімі әр шағын аудан мен үйдің техникалық жағдайына байланысты болады.
Жылыту маусымы аяқталғаннан соң Екібастұзда мамандар жылу желілеріне температуралық және гидравликалық сынақ жүргізуге кірісті. Тексеру магистральдық және аулаішілік желілерді қамтиды. Бұл жұмыстар коммуникациялардың жағдайын бағалау үшін қажет.
Қаныш Әділжанов, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
«После проведенных гидравлических испытаний, подрядные... Гидравликалық сынақтар жүргізілгеннен кейін, мердігер ұйымдар анықталған ақауларды жою жұмыстарына кірісті. Осыған байланысты ыстық су уақытша толық берілмейді.
Айта кетейік, қазір 491 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су берілді. Алдағы күндері тағы 75 баспанаға ыстық су таратылады. Бірақ кей аумақта ыстық су толық берілмеуі мүмкін.
Қаныш Әділжанов, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары
№2 және 7-ші жылу магистралінде қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты, аталған учаске маңайындағы 139 көпқабатты тұрғын үйде ыстық су жоқ. Шамамен 80 баспана маусым айының екінші жартысында қосылады. Қалған көпқабатты тұрғын үйлер қайта жөндеу жұмыстарынан кейін тамыз айында жіберіледі.
Жұмыстар жоспарға сай орындалып келеді. Қала әкімдігі жаңарту жұмыстары қажет екенін, ең алдымен, желілердің тозуымен байланысты екенін түсіндірді. Әрине, уақытша қолайсыздық болады. Дегенмен, қала тұрғындары алдағы жылыту маусымында тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін атқарылып жатқан шараларға сенім артады.
Әйгерім Тоқпанқызы