Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Президент бастамасымен қолға алынған бұл жыл еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған. Елімізде наурыз айынан бастап «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы жол тартты. Аталған жоба техникалық және жұмысшы мамандық иелеріне баспана алуға тиімді мүмкіндік ұсынды.
Бұл бастама – «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қолға алынған маңызды әлеуметтік жоба. Негізгі мақсаты – техникалық және жұмысшы мамандық иелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және энергетика салаларында еңбек ететін азаматтарға арналған. Біздің өңірде 176 азамат баспаналы болады. Айта кетейік, өтініш Екібастұз, Ақсу шаһарларынан көп түсті.
Арман Нұрғаламов, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының бизнес дамыту бөлімінің бастығы
Павлодар облысы бойынша 176 өтініш қабылданды. Бұл сомма 4 млрд 222 млн .. үйді немесе пәтерді сатып алуға болады.
Бағдарлама бойынша тұрғын үй несиесі жылдық 7 пайыздан беріледі. Бастапқы жарна 10 пайыз. Қазір өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұдан бөлек баспана алу үшін өзге де тиімді бағдарламалар бар.
Арман Нұрғаламов, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалының бизнес дамыту бөлімінің бастығы
Наурыз жұмыскер бүгінгі күні аяқталды. Бірақтан бізде өткен жылдан бастап наурыз бағдарламасы басталды. Осы бағдарлама тағы 5 жыл болады.
Бағдарлама тек баспана мәселесін шешіп қана қоймай, сонымен қатар азаматтардың әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсартуға бағытталған.
Әйгерім Тоқпанқызы