Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Железин ауданына барды. Сапар барысында өңір басшысы көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Ауыл шаруашылығы саласындағы нвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылады. Толығырақ тілші әңгімесінде.

Қазір диқандар үшін жұмыстың нағыз қызған шағы. Өңір басшысы алдымен егіс алқаптарына барды. Ауданында былтырғы жылмен салыстырғанда егіс көлемі артты. Басымдық дәнді дақылдар мен майлы дақылдарға берілген. Бұл жөнінде аудан әкімі баян етті.

Дала жұмыстарына дизель отыны жеткілікті көлемде бөлінді. Жанармайдың жеткілікті көлемде берілуі егіс науқанында техниканың үздіксіз жұмыс істеуіне және мерзімде аяқталуына оң ықпал етеді. Техника да сақадай сай.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі

Биылғы жұмыстар басталды. Қарқынды жүріп жатыр. Ылғалды жабу 100 пайыз орындалды. Дәнді дақылдардың 54 мың гектары егілді. 40 пайызға жеттік бүгінгі күні. Қарқынды жүріп жатыр. Майлы дақылдар егілді. Жанар-Жағармай бойынша 4 мың 45 тонна жоспарланған.

Одан кейін облыс әкімі «Еңбек Жол» ЖШС-нің егіс алқабында шаруашылық басшыларымен кездесті. Онда суармалы алқапты дамыту жобасы таныстырылды. Қожалықта 7 суару машинасы, 2 қондырғы мен 2 сорғы станциясы бар. 3 мың тонна көкөніс қоймасы салынған. Серіктестік бидай, арпа, күнбағыс, жүгері, картоп және қарақұмық өсіреді.

Әйгерім Тоқпанқызы