Павлодар қалалық мәслихатының кезекті отырысында қала бюджеті қаралды. Қаржының қайда жұмсалатыны айтылды. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігінің мәселесі де талқыланды.

Павлодар қаласының 2023 жылғы бюджеті 224 млрд 526 млн 301 мың теңге. Алдағы уақытта тағы 11 млрд 717 млн теңге қосылуы мүмкін. Енді бұл қаржыны тиімді игеру маңызды.

Қанат Қапуов, экономика бөлімінің басшысы:

Тұрғынүй құрылысына 1 млрд 197 млн теңге қарастырылып отыр. «Достық» шағын аудандағы құрылысты жалғастыруға 533 млн теңге арналады. Спорт нысандарын дамытуға 31 млн 786 мың теңге бқлінеді.

Әкімшілік ғимараттар мен жылу және су желілерін жөндеуге биыл 720 млн теңге қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясында өрт қауіпсіздігінің түйткілдер де қаралды. Жыл басынан бері 33 өрт болып, 6 адам қаза болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп.

Ренат Валишанов, ТЖБ бастығы:

240 гектар алқапта қамыс шабылды. Қазір әкімдіктермен бірге далалық өрттің алдын алу мақсатында қоқыс алаңдарындағы қауіпсіздік шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, халық арасында түсіндірме жұмыстары а жүруде. Осының арқасында өткен қысқа улы газдан зардап шегу фактісі тіркелмеді. Сонымен қатар қазір тұрғындарға жылжымайтын мүлікті басқару формасына қатысты да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бақытгүл Базылова, ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда үй иелері бұл реформаға аса құлшыныс танытып отырған жоқ. Қызмет көрсету сапасының төмендігі де бұған әсерін тигізіп отыр.

Сондықтан, бұл бағыттағы жұмысты әрмен қарай жалғастыру қажет.

Жанасыл Серікбол, Евгения Мягченко