«Оң қолдың» ең үздік оқырманы анықталды
«Парасат» клубы ұйымдастырған байқау кезекті үздік оқырмандарды анықтады. Бұл жолы оқуға Төлен Әбдікұлының «Оң қол» шығармасы ұсынылды. Шығарманы оқып, үздік пікірімен бөліскендер марапатқа ие болды.
Төлен Әбдікұлының «Оң қол» шығармасы жазушының 25 жасында жазған, қазақ әдебиетіндегі ең танымал психологиялық әңгімелерінің бірі. Жалпы, туынды адам санасының жұмбақ қырларын, ішкі тартыс пен жалғыздықты ашады. Шығарманы оқып, 50 мың теңгелік сертификатқа Іңкәр Қуандыққызы иеленді.
Іңкәр Қуандыққызы, студент
Жалпы мен бұл шығарманы мектепте оқыған едім. Кейін жарысқа қатысар алдында 2 апта бұрын оқыдым. Бірақ ол кезде осы жарысқа кездесетінін білмедім. Бұл шығарманы оқыған әр жастағы адам түйінді өзгеше шығарады. басқа бір түйін түйесін.
Дарын Нұрәділ, оқушы
Мен кітап оқығанды қиын жақсы көремін. Жылына 30 шақты кітап оқимын. Кітапты оқығаныма қуаныштымын. Суретті кеше оқыдым. Кешкі 6 ға дейін, 6 сағаттай оқыдым.
Клуб екі апта сайын отырыс өткізіп, оқыған кітапты талқылайды. Жай талқыламайды, үздік оқырманға ақшалай сый табыстайды. Жобаның негізі мақсаты кітап оқу мәдениетін насихаттау.
Оразбек Саяхат, «Жебе» қоғамдық бірлестігің төрағасы
-02.01// Бүгінгі отырысқа 30 ға жуық адам қатысты. Олардың жас ерекшелігінде щектеу жоқ. Зейнетке шыққан адамдардан бастап, осы мектеп жасындағы оқушыларға дейін қатысты. Мектеп оқушылары, егде жастағы ат апаларымыз да болды. жеңімпазға неігзі сылйғымыз табысталды. Сонымен қатар, облыстық кітіпхана қосымша жүлде тағайындап екі адамға қосымша қаржылай жүлде табыстады.
Қазіргі уақытта елімізде кітап оқитын зияткер ұлтты қалыптастыру жолында мемлекеттік деңгейде іс-шаралар жасалуда. Осы бастамаға «Парасат» клубы да үн қосуда.
Самал Қалиқызы