Негізгі Жаңалықтар Әлеуметтік инвестициялар саласындағы ынтымақтастық

Әлеуметтік инвестициялар саласындағы ынтымақтастық

2027 жылы Павлодар қаласы мен Мойылды кентінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жеке инвестор тарапынан 1 млрд теңгеден астам қаражатты бағыттау жоспарланып отыр. Бұл Павлодар облысының әкімдігі мен пен «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында мүмкін болды. 

Павлодарда құрылысы жалғасып жатқан «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» - Solidcore Resources plc компаниясының флагмандық жобасы. Кәсіпорын іске қосылмай жатып, оның қолдауымен әлеуметтік салада бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Облыс әкімі Асайын Байханов компания басшылығымен кездесіп, өзара серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақ салтына сай шетелдік мейманға аймақ басшысы шапан жауып, құрмет көрсетті. Инвестор өз тарапынан алғыс білдіріп, Павлодарда 500-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін комбинат іске қосылуын тағатсыздана күтетіндігін жеткізді.

Дархан Бекишев 


Бөлісу