Негізгі Жаңалықтар Офтальмологиядағы заманауи мүмкіндіктер

Офтальмологиядағы заманауи мүмкіндіктер

Жыл басынан Павлодар облысында 7 мыңға жуық адам офтальмологиялық бөлімшеге жүгінген. Соңғы кездері көз аурулары жасарып келеді дейді дәрігерлер. Ал, оларды емдеудің заманауи тәсілдері қандай? Тілшіміз айтсын.

Ғалым Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының офтальмологиялық бөлімшесі заманауи мүмкіндіктерді пайдаланып, емдеу тәсілдерін қолданады. Орталықта қарапайым диагностикадан, ауыр оталарға да дейін жүргізіледі.

Дәрігерлердің сөзінше, көз аурулары соңғы кездері жасарып келеді. Бөлімшеге келетіндерде катаракта, глаукома болса, қабылдау бөлімшесіне коньюктивитпен жүгінеді екен. 

Офтальмологиялық бөлімшенің дәрігерлері шала туған балалардың ретинопатиясын да емдейді. Бұл мерзімінен ерте, аз салмақпен туған нәрестелерде кездесетін ауру. 

Офтальмологиялық бөлімше жылына 7 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсетеді. Олардың қатарында өзге өңірлер мен өзге елдерден келіп қаралатындар да бар. 

Самал Қалиқызы


Бөлісу