Павлодарда республикалық пікірсайыс турнирі өтті
Павлодар қаласында еліміздің ең мықты пікірсайысшы жастары жиналды. Республикалық турнир Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Әлихан Бөйкейхановтың 160 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Торайғыров университетінде пікірсайысшылар клубы нәтижелі жұмыс жүргізіп, жастардың ұйытқы болуымен President CUP атты республикалық турнир осымен жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы зияткерлік дода ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Әлихан Бөйкейхановтың 160 жылдығына орай өткізіліп, 9 облыстан келген, 32 команданың басын қосты.
Мақсат Мұқанов, турнирге қатысушы (Қарағанды қаласы)
Дебатпен айналысып жүргеніме мектептен бері он жылдан асты. Қазір университет бітіріп кетіп, өндірісте қызмет етемін. Сондықтан дебатқа қатысу мен үшін жұмыстан демалу. Миға шабуыл, «мозговой штурм» ғой.
Турнир екі күн бойы жалғасып, тартысты бәсекеде, қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, қатысушылар проблемаларды шешу жолдарын ұсынды. Дода Британдық парламенттік үлгіде өтті, яғни,әр командада екінші ойыншы өнер көрсетті: біреуі жас студент, ал екіншісі университеттегі оқуды бітіріп кеткен, тәжірибелі пікірсайысшы.
Әлихан Айтбаев, турнирге қатысушы (Астана қаласы)
Павлодар ең керемет қалалардың бірі. Төрешілік, ұйымдастыру жағынан да керемет. Қала ауасының өзі маған ұнайды. Сондықтан бұл жаққа келуден еш жалықпаймын. Турнирдің ерекшелігі әр фракцияда аға буын мен жас буын ойнайды. Бакалаврды аяқтаған адам мен студент пікір сайыстырады. Бұл ұрпақтар сабақтастығы. Тәжірибелі ойыншылар стильдерін көрсетіп, жастарға жаңаның үйренуге мүмкіндік береді.
Павлодардалық пікірсайысшылар Қазақстандағы ең мықтылардың қатарында. Жылдан жылға өңірімізде бұл өнерге қызығатындар саны артуда. Жарысқа түскен үлкені де, кішісі де осал емес.
Данияр Назымбек, турнирге қатысушы (Павлодар қаласы)
Пікірсайыста сенің жасың маңызды емес. Жас болып та, ересектерді ұта аласың. Бірінші курстан бастап, төртіншіге дейін. Бітірген түлектер де бар. Кейде мектеп оқушыларын қатыстыруға да рұқсат береміз.
Бұндай зияткерлік сайыстар жастардың сыни ойлау қабілетін дамытып, саяси белсенділігін арттырады дейді ұйымдастырушылар. Турнир нәтижесінде командалық және жастар арасында мықтылар анықталып, үздік спикерлер де жекелей марапатталды.
Дархан Бекишев