«Мәшһүр Жүсіп кесенесі - рухани мұра»
Баянауыл ауданы
Баянауыл ауданында қазақтың ұлы ойшылы, ақын әрі ағартушысы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мемориалдық кешенінің ашылғанына 20 жыл толуына орай «Мәшһүр Жүсіп кесенесі - рухани мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері және Мәшһүр Жүсіптің ұрпақтары қатысты.
Мемориалдық кешен 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мамандарының қатысуымен ашылды. Бүгінде ол өңірдегі маңызды рухани орталықтардың біріне айналып, зиярат етушілер мен туристер жиі келетін орынға айналды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Ел Президентінің «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» деген мазмұнды ұстанымы да баршаңызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыдан 20 жыл бұрын Ескелді шатқалында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жаңа кесене кешені бой көтерді. Оған бәріміз куә болдық. Содан бері бұл қасиетті мекен халқымыздың киелі орынына айналды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бір дәуірдің ғана емес, халқымыздың рухани биігін танытқан ұлы тұлға. Осындай киелі орындарды сақтау мен дамыту тек бір мекеменің немесе бір ұрпақтың ғана емес баршамызға ортақ парыз.
Шара аясында мемориалдық музейде дөңгелек үстел өтіп, кесене кешенінің салыну тарихы, оның тарихи-мәдени және рухани маңызы талқыланды. Кешеннің бой көтеруіне атсалысқан азаматтар мен ұлы жерлесіміздің ұрпақтары естеліктерімен бөлісті.
Мұрат Рахметов, Баянауыл ауданының құрметті азаматы
Қол ұштарын берді бәрі де. Шет қалған жоқ. Аудан әкімдерін айтпаған да облыс әкімдерінің бәрі де өз үлестерін қосты. Абаттандыру, дол салу жасалды. Бұл үлкен жұмыс болды.
Мәшһүр Жүсіптің бай мұрасын сақтау мен кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлініп келеді. ОБлыс әкімі алдағы уақытта да мемориалдық кешеннің тарихи-мәдени маңызын арттыруға, туристік әлеуетін дамытуға және ұлы бабамыздың мұрасын кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінетіндігін айтты.