Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Ребровка ауылында 160 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Барлығы салынып жатқан сүт фермасының арқасында. Күні кеше «Кронос-Павлодар» ЖШС өкілдері ауыл тұрғындарына құны 14 миллион теңгені құрайтын бірегей инвестициялық жобаны таныстырып, өз сүтін өндірудің тиімді тұстарын айтты.

Фермаға голштейн-фриз тұқымының өнімділігі жоғары сиырларын сатып алу жоспарланған. Олар тікелей Германиядан жеткізіледі. Селекция жұмыстарын жүргізу де жоспарланып отыр. Заманауи технологиялардың арқасында мал тек қана фермада азықтанатын болады. Қазіргі уақытта бөлінген аумақта жерді игеру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Болашақ шаруашылыққа жақын орналасқан 2 мың гектардан астам жерді суару үшін еуропалық жетекші компаниялардан соңғы үлгідегі техникалар алынды. Жұмыс барсында барлық ұсақ-түйек ойластырылған.

Константин Ибрагимов, «Кронос-Павлодар» ЖШС бас инженері:

Мал басының жалпы саны 3500 болады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта суармалы жүйенің құрылысы жобалануда. Суармалы массив үшін құбыр, тауарлы-сүт фермасы үшін жем-шөп базасын өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа сүт фермасы ауылдық елдімекенде жұмысссыздық мәселесін шешуге ат салыспақ. Ең әуелі ең жақын ауылдардың тұрғындары еңбекке тартылады. Қызметкерлерге барлық жағдай жасалатын болады. Жұмыскерлердің өзіне және отбасына жайлы баспана салу жолдары да қарастырылған.

Мақсұт Мұхтанов, Ребровка ауылының тұрғыны:

Сүт фермасы құрылайын деп жатыр. Бұл енді инвестиция деп жатыр ғой. Бұның халыққа зияны жоқ деп ойлаймын. Болашақта ұрпағымыз көретін бір дүние деп ойлаймын. Жүз алпыс адамға жұмыс орыны бар деп жатыр. Ауылда жастар жүр міне. Өзім істемесем де жастар істейтін шығар деген ой бар енді.

Жоба бойынша халықты жергілікті өндірістің табиғи және қышқыл сүт өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылына 14,5 миллион литр сүт өндірілмек. Жаңа шаруа қожалығының арқасында бюджетке төленетін салық төлемдері 150 млн теңгеге өседі. Кәсіпорынның 2025 жылдан бастап жұмысын бастайды.

Жанасыл Серікбол, Артур Поляков