Қазақстан Журналистер Одағының Павлодар облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті белгілі журналист Болат Аманбаев атқарады. Алғашқы жиын Достық үйінде аймақтық БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Павлодар облыстық филиалының жаңа басшысы белгілі тележурналист, «Қазақстан» телеарнасының меншікті тілшісі Болат Аманбаев атанды. БАҚ өкілінің майталманы аймағымыздың өзекті проблемаларын шешумен қатар, еліміздің журналистика саласына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Облыста танымыл журналист. Осы саланың майталманы. Беделді азамат. Журналистика жолында көптеген бағдарламаларымен танымал. Ұстамы бар азамат. Журналстика саласы төртінші билік дейді ғой. Бұл жерде атқарылатын жұмыстар аз емес. Болған оқиғаға баға беру. Бір жерде биліктің шешілмей жатқан түйіткілін ашып көрсету.

Сонымен қатар, Серік Батырғожинов журналистер тек проблемаларды ашумен шектеліп қалмауы керектігін атап өтіп, оның шешімін табуға тырысуы керек деді.

Мөлдір Сағидолла