Биыл соғыстың аяқталғанына 78 жыл. Майданда жеңісті жақындатуға жауынгерлермен қатар, тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі мол. Ер азаматтар қолдарына қару алып,соғысқа аттанса, әйелдер мен жас балалар фабрика мен зауыттарда, ауыл шаруашылығында еңбек етті. Тыл еңбеккерінің ерлігі жайлы алдағы сюжетте.
Тыл еңбеккерлері майдан шебіндегі жауынгерлермен бірге бейбіт өмірді жақындатуда зор үлес қосты. Сол қаһарлы соғыс жылдары зауыттарда оқ-дәрі жасап, ауылшаруашылық саласында азық-түлікпен қамтыды. Эмма Фридриховна Железин ауданы Алакөл ауылында тұрады. Ол қазақ еліне 1941 жылы Саратов облысынан көшіп келген.
Эмма Самсонова, тыл еңбеккері:
Мен 7 жаста болдым. Бұл күн әлі көз алдымда. Бізге түк айтпай көшіріп жіберді. Бір тәулік ішінде қоныс аудардық. Қазақ елінен пана таптық. Біздің отбасымызда 7 адам болды. Ең үлкені 16 жаста, кішісі 8 айда ғана болды.
1941 жылы 3 қазан күні Эмма Самсонованың отбасы бастапқыда Көкшетау облысы, Юдинка ауылына көшірді. Әрине, жаңа жерде сіңісіп кету оңайға түспеді дейді кейуана. Еліміздің мейірімді халқы бауырына басты. Эмма Фридриховна- соғыс жылдарындағы қиындықтарға қарамастан әр жаңа күнге қуануды үйренді. Тоқсанға қадам басқан қарт әже өлең оқуды ұнатады.
Сұрапыл соғыс жылдары ауыр күндерді бастан кешірді. Железина ауданы, Алакөл ауылында тағы бір тыл еңбеккері Ёрш Август Фердинандович тұрады. Ақсақал әлі тың. Ол жасына қарамастан мотоцикл жүргізіп, белсенді жұмыс істейді.
Август Ёрш, тыл еңбеккері:
Соғыс басталған уақытта мен 8 жасымда болдым. Мен сол жасымда мал бағып, анама үй шаруасына көмектестім. Мен трактор жүргізіп, ауылшаруашылығының дамуына септігімді тигіздім. Я и рано пошел на трактор.
Август Фердинандович трактордың түр-түрін айдаған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, мотоцикл сатып алып, үй шаруасын дөңгелетіп отыр.
Железин ауданы, Алакөл ауылында сұрапыл соғыс жылдарын бастан кешіріп, қиындыққа мойымаған жүрегі кең, мейірімді жандар тұрады.
Әйгерім Тоқпанқызы, Валентина Леонова