Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары елімізде 1 сәуірден бастап тауарларға ілеспе жүк құжаттарын ресімдеу басталғанын хабарлайды. Бұл шараның мақсаты не? Құжаттар не үшін енгізілді?
Тауарға жүк құжаттарын енгізу Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінде тауарлар айналымын қадағалау мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ашық жүйе арқылы өндіру сәтінен бастап тауардың импорты мен экспорт қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Былтыр өңір бойынша одақ елдерінен импорт 56 млрд теңгені құрады.
Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті жұмыстары басқармасының басшысы:
Ілеспе жүкқұжат біртұтас болды. Егер бұрын алкоголь, темекі, мұнай өнімдеріне жүкқұжаттар бөлек болса қазір жұмыс оңтайландырылды. Енгізілген жаңашылдыққа сәйкес 5 құжат біртұтас болмақ. Бизнесті жүргізуге жеңіл болады.
Бұл жүйе көлеңкелі айналымды қысқартатыны сөзсіз. Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер «Виртуалды қойма" модулін қолдана отырып, мұнай мен алкоголь өнімдері, бидай, тоңазытқыштар мен мұздатқыш тауарлары бойынша іске асады.
Галина Бирюкова, мемлекеттік кірістер департаменті түсіндірме жұмыстары басқармасының басшысы:
Жыл басынан бастап бастап пилоттық жоба бойынша жұмыс шеңберінде, сондай-ақ оны аяқтағаннан кейін автомобиль өткізу пункттеріндегі экспорттық бақылау қызметкерлері тауарларға 25 мыңнан астам ілеспе жүкқұжаттарды растады. Толығырақ айтатын болсақ, Импорт 19 404 және экспорт 6228 құжат көрсетілді.
Биыл автомобиль өткізу пункттерінде 57 мыңнан астам автокөлік құралдарына мониторинг жүргізілді. Сала мамандары шекарадан өту кезінде тауарға ілеспе жүк құжаттары жоқ 14 дерегі анықталды. Заңды бұзғаны үшін 3 тен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.
Әйгерім Тоқпанқызы