Бочча – паралимпиадалық спорт түрі. Биыл Павлодарда Бочча ойынын өткізіп, жаттығулар жасау үшін жазғы алаң пайда болды. Алдағы сюжетке назар салыңыз.
Паралимпиада бағдарламасына енетін бұл спортпен Павлодарда 30 ерекше бала айналысады. Жас спортшылар үшін бочча тек жеңіске талпыныс емес. Бұл ойын арқылы балғындар дос тауып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады дейді ата-аналары. Балалар енді жаз маусымында Гагарин саябағында таза ауада шұғылданатын болады.
Лариса Козлова, жаттықтырушы:
Қазіргі уақытта арбалар тобында 15 адам және ақыл-ой кемістігі бар топта 15 бала айналысады. Әрбір командаға бір жаттықтырушы болады. Ата – ана да қатысады. Олар доп береді. Жаттықтырушы бір уақытта 15 адамға қызмет көрсете алмайды. Мен допты құстап, лақтыру машығын үйретіп, белгі беремін. Әр баламен үздіксіз байланыс бар.
Жаттықтырушының сөзінше спортшылардың өте жақсы көрсеткіштері бар.
Әдия Масалимова, Павлодар қаласы боччо федерациясының басшысы:
Боччо барлығымыз білетіндей параолимпиадалық спорт түрі болып келеді. Және қазіргі таңда өте танымал спорт түрі. Қарқынды дамып келеді. Облыс орталығында 30-40 шамасында балалар дайындалып жатыр.
Павлодар аймағында «боччо» спортымен белсенді айналысатын балалар республикалық жарыстарда бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ал, 3 спортшы халықаралық дейгейде ел намысын қорғайтын болады. Мәселен, Аружан Сармантаева «боччо» спортымен екі жыл шұғылданады. Жасы 18-де. Күнделікті жаттығу мен жігерлі рух жемісін берді. Қазақстан чемпионатына қатысып, бірінші орынға ие болған. Қоржында 4 медалі бар.
Дана Сармантаева, Аружан Сармантаеваның анасы:
Денсаулығын нығайтады. Мысалға, біз бұрын тек қанан массажбен емделсек. Қазір боччамен айналысқаннан бері спастикамыз азайып, спастикамыз қазір жоқ қолмызда. Далаға шығып, балалармен араласады бір-бірімен.
Жергілікті билік Гагарин саябағында бочча спорт түрі үшін арнайы ойын алаңын ашуды қолға алған. Өйткені балалар үшін бұл ойын алаңының орны зор.
Әсет Әбілдаев, Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:
Жалпы құны шамамен 5 млн. теңгені құрады. Мұндай алаң облыс орталығында ғана бар. Әрі қарай біз осындай жұмыстарды жоспарлаймыз. Мүмкін мұндай алаңды орталықта ашамыз. Боччаның паралимпиадалық спорт түрі, біздің балалар Қазақстан құрамасында, шетелге де шығады.
Балалар таза ауада спортпен шұғылданып, саябақтағы адамдармен жүздесіп, жаңа орта қалыптастырғысы келді дейді ата-аналары. Армандары орындалды. Енді жаңа белестерді бағындыруды мақсат етіп отыр.
Мөлдір Сағидолла, Мурат Әбілмажит