Павлодар қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин келді. Сапар барысында ол өңірдегі бірқатар кәсіпорындарды аралап, кәсіподақтар үйінде еңбек ұжым өкілдерімен кездесті.
Кездесулерде әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмысшылардың жағдайы және саладағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Тараптар еңбек қауіпсіздігі, жалақы деңгейі және әлеуметтік қолдау тетіктеріне ерекше назар аударды.
Сатыбалды Дәулеталин, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы
Кеше богодр көмір кәсіпорнында болдық. Бір 7 сағаттың төңірегінде сол жерде жұмыс барысымен таныстық. Енді бізді әрқашанда толғандыратын мәселелер ең бірінші әділетті еңбек ақы мәселесі, екінші еңбек қауіпсіздігі мәселесі. Үшінші осы мәселелерді шешу жолында әлеуметтік бірлестіктері қалай қолданылып жатыр. Енді өзекті мәселелерге келетін болсақ жалпы павлодар өңірінде жақсы экономикалық қарқыны бар , оны атап өтуіміз керек. Екіншіден бір көрсеткішті айта кетейік, жұмыс істейтін адамдардың әрбір үшіншісі кәсіподақ мүшесі. Ол қазіргі таңда өзекті мәселелерді шешу жолдары қарқынды алға басып деп жатыр. Ол еңбек адамның бүгінгі таңда кәсіподақтар сенімі деген сөз.
Дегенмен, еңбек қауіпсіздігі мәселесі әлі де өзекті. Республика бойынша жыл сайын мыңнан астам жазатайым оқиға тіркеліп, шамамен 200-ге жуық адам қаза табады. Соңғы бес жылда көрсеткіштің төмендеуі байқалғанымен, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда..
Сатыбалды Дәулеталин, ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы
Біз барған кәсіпорындарда орта жалақыны аз деп айта алмаймын. Ол бір жақсы деңгейде деп ойлаймын. Бірақ біздің мақсатымыз ең төменгі жалақы бөлшерін ұлғайту. Қазір осы жағдайда біздің үлкен аналитикалық жазба жібергенбіз премиер министрдің атына осы жерде де шаралар қолдану туралы осы жақында ғана жіберген едік. Олда бір жақсы дүниеге ғой деп ойлаймын.
Сапар аясында федерация төрағасы жылу-энерго орталығының үшінші станциясында да болған. Онда жөндеу жұмыстарының барысы таныстырылып, өндірістегі түйткілді мәселелер көтеріліпті.
Балтабек Төлеубаев, «Павлодарэнерго» АҚ жергілікті кәсіподағының төрағасы
Енді бұл кездесуде жұмысшыдар өз сұратарын қойды. Бізді үлкен проблемыз жұмысшыларымыздың әлеуметтік жағдайы туралы айтты.
Жалпы, сапар барысында көтерілген мәселелер алдағы уақытта тиісті деңгейде қаралып, еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылданбақ.
Дильназ Қуанышбекқызы