Былтыр Лермонтов көшесіндегі қайта жаңғыту жұмыстарынан кейін биыл аумақты абаттындыру шаралары әлі жалғасып жатыр. Әсіресе жарықтандыру бойынша жаңа құрылымдар қойылуда.
Бұл бағаналар әрі бері өткен тұрғындарды ойландырып қойды. Темір құрылымдар не болуы мүмкін деген әлеуметтік желіде де сұрақ қойылды. Сөйтсе, Лермонтов көшесінде жарықтандыру жаңа деңгейге өтіп жатыр екен. Яғни, бұл болашақ жарық бағаналары. Жалпы, бұл көшедегі өзгерістерді қала тұрғындарының бірі жақтырмаса, бірі құптап отыр.
Айта кетейік, Лермонтов көшесіне былтыр өзгерістер енгізілді. Мұнда баларлар ойын алаңы, велосипед тұрағы, 167 орындық, жылы аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолы жөнделді. Көшеге сән беретін түрлі дизайндағы мүсіндер орнатылған.
Самал Қалиқызы