Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Баянауыл ауданында жұмыс сапарымен болды. Жақын қалған туристтік маусымға дайындық барысын тексерді.

Алдымен аизит Баянауыл орталығын ат басын тіреді. Онда қазір негізгі құрылыс аяқталған. Енді тек маусым басталған кезде қызметін толықтай бастау міндеті тұр. Аймақ басшысы қажетті қолдау көрсетілетіндігін айтып, бәрін уақытылы аяқтау керек деді.

Былтыр 160 мың туристті қарсы алған Баянауыл биыл 250 мыңнан астам адамды күтіп алуға дайындалуда. Осы мақсатта ауқымды абаттандыру жобасы Сабындыкөл жағасында жүргізілді.

Ардақ Кісентаев, Баянауыл ауданының әкімі

Күркелердің саны 80. Балаар ойын алаңы, футбол, волейбол алаңы, тьроутар бар. Балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға суға түсуге арналған 4 орын бар. Әжетханасы барлығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналып белгіленген.

Жасыбай жағасында да туризмді дамыту жолындағы абаттандыру жобалары қолға алынған. 2026-2027 жылдары «Novotel» қонақ үйі, аквапарк, демалыс үйі, мәдени демалыс орталығы сияқты 22 миллиард теңгеге бес инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.

Бұдан соң аймақ басшысы арнайы жиын өткізіп, жалпы маусымға дайындық барысы, демалушылардың қауіпсіздігі, сондай-ақ, жауапкершілігі мәселелерін қамтыған талқылау өткізді. Облыс әкімі әуелі туризмді дамытуға ат салсып жүрген кәсіпкерлердің еңбегін жоғары бағалайтындығын жеткізді.

Аймақ басшысы өткен жылы Президент Әкімшілігінің тексерісінен кейін берілген ескертулердің орындалу барысына ерекше назар аударды. Ол жауапты тұлғалардан нақты есеп талап етіп, қай мәселе шешілгенін, қайсысы әлі де өзекті екенін ашық айтуды тапсырды. Сондай-ақ, демалушы азаматтардың табиғат алдындағы жауапкершілігі мәселесі дұрыстап түсіндірілуі керектігін, қоршаған ортаға залал келтіргендердің жауапкершілігін арттыру мәселесі де айтылды.

Сондай-ақ, демалушылардың қауіпсіздігі мәселесі де баса назарда болады. Жиын барысында Баянауылда жедел басқару орталығына қосылған 72 бейнекамера бар екені айтылды. Торайғыр және Сабындыкөл жағажайларында тоғыз құтқару мұнарасы мен өрт сөндіру бекеттері жұмыс істейді. Жедел әрекет ету үшін жеті медициналық бригада жасақталған. Облыс әкімі туристер көп жиналатын орындарда бейнекамералардың жедел басқару орталығына қосылмағанына қынжылыс білдірді. Сонымен қатар, ол тек Баянауылмен шектелмей, өзге де туристік аймақтарды қамтуды міндеттеді. Атап айтқанда, Шарбақты ауданындағы турістік нысандар, Маралды және өзге де демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру қажет екенін жеткізді.