Павлодардағы №116 балабақшада балаларға күш көрсеткен тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты. Қандай жаза тағайындалды. Жәбірленушілердің талабы қандай еді? Тілшіміз Сабина Жолдаспаева баяндайды.

Ата-аналар алдынғы сот отырысы кезінде 14 балаға әрқайсысына 10 миллион теңгеден өтемақы талап еткен. Алайда сот бұл талапты толық қанағаттандырмай, әр балаға 400 мың теңгеден төлеу туралы шешім шығарды.

Жұлдыз Камалова, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Айыпталушы Жанель Жұмабаевна Мүскен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі және 110-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен 140-бап бойынша оған 120 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 471 840 теңге айыппұл салынды және 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Ал 110-бап бойынша 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, сот жаза өтеуді 5 жылға кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Алайда ата-аналар сот үкімімен келіспейді. Олардың айтуынша, балаларға жүйелі түрде күш қолданылған. Кейбірінде дене жарақаттары болған, ал көпшілігі психологиялық күйзеліске түскен.

Мария Терентьева, ата-ана

Мен бұл шешіммен келіспеймін. Бұл іс өзгелерге сабақ болуы керек еді. Біздің балалар зардап шекті. Олар психологиялық тұрғыдан өзгерді. Мысалы, менің қызымда сөйлеу дамуы тежеліп қалды, бірақ ол бұған дейін қалыпты дамып келе жатқан. Қазір онымен дефектолог пен психолог жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, ол толық жаза алуы керек еді.

Айыпталушының кәмелетке толмаған балалары бар болғандықтан, сот жаза өтеуді кейінге қалдырды. Соған қарамастан, ата-аналар бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіруге ниетті.

Сабина Жолдаспаева