Павлодарда 6 жасынан атқа мініп, тұлпар тізгінін сенімді ұстаған жас шабандоз бар. Қазір ол өз қатарластарына да атқа міну өнерін үйретіп жүр.

Павлодарлық тілшіміз дарынды қызбен жүздесіп қайтты.

Павлодардағы Мойылды ауылында ат құлағында ойнайтын өжет қыз бар. Бұл өнер оған атасы мен әкесінен дарыған.

Ясмина Қожанова, шабандоз

6 жастан бастап мінуімді әкем үйретті. Бір жыл жай жүрдім де сосын бастадым шабуды. Үйір табын ұстайды соған қызығамын.

Ясмина қазір 9 жаста. Бос уақытында атқа мініп серуендегенді ұнатады. Сонымен қатар, өзі сияқты балаларға тұлпар тізгіндеуді үйретіп жүр.

Ясмина Қожанова, шабандоз

Олардың ішінде примерно 50 баланың ішінде біреуі ғана үйренеді. Асадулла деген бала бар күнде келеді үйренуге.

Айсұлу Нескеева, ясминаның әжесі

Әже ретінде мен негізі немерелерімді қақпаймын. Өзі ат оған қоса күреске қатысады содан да талай талай сыйсыйапаттар алып жүр. Негізі қан қуалайды дейді ғой ата бабаларымыз сол жақсы нәрсе.

Жас шабандоз әлеуметтік желіде де белсенді. Ол атпен жүрген ерекше сәттерін бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді.

Досжан Мұратбек, атбегі

Ат үстінде жүрген әр қазақ арқаланып жүреді. Рухты болады. Жастарымызға ат үстіне отырғызу үлкен құндылық деп білеміз.

Атқұмар қыздың алға қойған мақсаты көп. Ол шеберлігін шыңдап, аламан бәйгелерге қатысуды көздейді.

Байтұрсын Жұмабай