Павлодарда «Жұлдыз-ай» балалар шығармашылығы фестивальі өтті. Оған инклюзивті білім беру мекемелерінде тәрбие алатын бүлдіршіндер қатысты. Балалар ән айту, би билеу, аспапта ойнау, және әнді ыммен айту номинациялары бойынша өнерлерін көрсетті.
Фестивальге облыстың барлық ауданы мен қалаларынан, сондай-ақ арнайы білім мен тәрбие беретін мекемелерден оқушылар қатысты. Кіші және ересек жастағы бүлдіршіндер өнерлерін көрсетті. Балдырғандардың бәрі де дарынды. Барлық өнер түрлері бойынша таңғажайып таланттарын таныта білді.
Айлана Сәрсенова, фестиваль қатысушысы
Маған би қойылымы ұнады. Таңертең гүлдер оянады. Сосын бір гүлді басқа гүлдер шеттетеді. Сосын көбелектер келіп, оларды татуластырады.
Шара жас дарындарды шыңдап, үлкен сахнаға бейімдеу үшін жыл сайын өткізіліп келеді. Нәтиже де жоқ емес. Осындай облыстық деңгейде шыңдалған балдырғандар Астана қаласындағы фестивалде талай рет топтан озып келген.
Фестивальге жыиын 100 ге жуық оқушы қатысты. Баршасы болашақ өнер жұлдызы болуға лайық екендіктерін танытты.