Павлодар қаласында жасөспірімдер аулада жанжалдасып қалған. Полиция оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Қылмыстық іс аясында ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігі де қаралатын болады.

Жанар Белялова, павлодар облысы ПД ресми өкілі

Полиция бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық кәмелетке толмағандар анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, 16 сәуір күні Павлодар қаласы Машһүр Жүсіп көшесі, 40-үйдің ауласында кәмелетке толмағандар арасында жанжал болған.