Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Оқиға салдарынан ол көз жұмды. Тағы бір әскери қызметші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр. Тергеу жұмыстары Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаментінің бақылауына алынған.

Шұғыла Тұрлыбек, ІІМ баспасөз хатшысы

Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде болған оқиға бойынша қылмыстық істер қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Жарақат алған әскери қызметші Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.

Аян Кабаев, Павлодар қалалық №1 ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері

Емделуші 2001 жылы туған. Жан сақтау бөлімінде жатыр. жағдайы тұрақты ауыр. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.

Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Сабина Жолдаспаева