Павлодар қаласының Бейсен Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Заманауи педагогикалық тәжірибелер: идеядан нәтижеге» тақырыбында облыстық мастермайнд-сессиясы ұйымдастырылды. Шараға өңір педагогтері мен студенттер және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Мастермайнд барысында бірнеше тақырыптық алаң жұмыс істеді. Қатысушылар заманауи сабақ құруда Scaffold-карталарды қолдану, командалық оқыту, жобалық жұмыстарды дамыту және оқушылардың шығармашылығы мен зияткерлік қабілетін арттыру жолдарын талқылады. Сонымен қатар, білім беру үдерісіне жасанды интеллект, VR технологиялары, билингвалды оқыту және функционалдық сауаттылықты дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

Гульмира Байтенова, Павлодар қаласы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің арнайы пәндер мұғалімі

Бүгінгі шараның мақсаты қатысушыларға идеяларды нақты нәтижеге жеткізуге арналган тиімді құралдарды ұсыну және тәжірибе алмасуға арналған практикалық алан қалыптастыру. Сессия барысында қатысушылар

идеяны жузеге асыру кезендерімен, жоспарлау және жұмысты ұйымдастырудың заманауи әдістерімен танысып, койылған максаттарға жету жолдары

бойынша ұсыныстар алады. Іс-шара 4 бағыт бойынша ұйымдастырылған. Облыстық және республикалык деңгейдегі жоба

жүлдегерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, аткарған жұмыстарын таныстыруда. Осындай мазмұнды кездесулер студенттерге, мамандыктың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға үлкен мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен білім беру ұйымдарының жетекшілері өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың ғылыми жобалары да таныстырылып, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстар көрсетілді.

Гульмира Мантыкова, Павлодар қаласы Ж.Тәшенев атындағы ЖОББ мектебінің басшысы

Бейсен Ахметовтың студенттері біздің мектепке пракатикаға келеді. Тәрбие шараларын өткізеді. Біздің мектеп оқушылары осы колледжге келіп, экскурсиядан өтеді. Колледж жұмысымен танысады. Ертең олар өз мамандықтарын дұрыс таңдап, осы жерге оқуға түседі. Ал, колледж студенттері практикадан өтіп, мектепке тамыз айында конкурс жарияланған кезде, біздің мектепке жұмысқа ала аламыз.

Шараның басты артықшылығы – оның практикалық бағытта өтуі. Мұнда тиімді әдістер ұсынылды. Мұндай форматтағы басқосулар педагогикалық қауымдастықты біріктіріп, жаңа бастамаларға жол ашады.

Сабина Жолдаспаева