Қарапайым тұрғындар бастапқы медицуналық көмек көрсетуді қаншалықты біледі? Бұл қай уақыт болмасын маңызды болған. Өйткені, дәрігерлер келгенге дейінгі көрсетілетін алғашқы көмек адамның өмірін сақтап қалуда өте маңызды. Сондықтан кез келген азамат негізгі тетіктерді білу керек. Осы ретте Павлодарда арнайы шеберлік сабағы өтті.

«Қызыл Ай қоғамының» Павлодар облыстық филиалы «Торайғыров университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасымен бірлесіп, «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында» «Медициналық қызметкерлер келгенге дейін күтпеген жағдайларда қолда бар құралдармен алғашқы көмек көрсету» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Гүлнәр Исақанова, «Қызыл ай» қоғамының ПОФ жетекшісі

Бұл сағатының барысында бұл студенттерге алғышқы көмек туралы мәлімет береміз. Аяқ сынған кезде, қатты қан кеткенде қандай көмек керек. Сондай дағдыларға үйретеміз.

Шеберлік сағатының мақсаты — студенттер мен университет қызметкерлері арасында алғашқы көмек көрсету бойынша білім деңгейін арттыру және практикалық дағдыларды қалыптастыру, төтенше және күтпеген жағдайларда дұрыс әрекет етуге дайындықты күшейту. Іс-шара барысында қатысушылар алғашқы көмек көрсету алгоритмдерімен танысып, қолда бар құралдарды пайдалана отырып практикалық дағдыларды пысықтайды.

Гүлнәр Исақанова, «Қызыл ай» қоғамының ПОФ жетекшісі

Екі станция жасадық. Бірінші станцияда алғашқы көмек көрсету алгоритмі айтылады. Яғни адам құлап қалса, бірінші кезекте не істеу керек, тыныс алуын тексеру кезек сынды қағидалар бар. Адамның есі болмаса, болмаса не істеу керек туралы айтылды. Шеберлік сағатында жарақат алғанда не істеу керек жайлы да айтылып көрсетілді.

Іс-шара барысында қатысушылар алғашқы көмек көрсету алгоритмдерімен танысып, қолда бар құралдарды пайдалана отырып практикалық дағдыларды пысықтайды.

Самал Қалиқызы