Павлодарда музей түні ұйымдастырылды. Күн ұяға қонар шақта басталып, түн ортасына дейін жалғасқан шараға жүзедген павлодарлық жиналды.

Бұл іс-шара Халықаралық мұражайлар күніне орайластырылды. Қала тұрғындарын түнгі экскурсияларға жеті мәдени мекеме күтіп тұрды: Потанин атындағы мұражай, "Ертіс" мұражайы, Багаев атындағы, "Майра" және Әскери даңқ мұражай. . Бұқар Жырау атындағы мұражайда театрландырылған элементтермен экскурсия өткізілді. Онда қазақ даласының көшпенділерін бейнеленген суреттер мен мүсіндерді, сан алуан ұлттық аспапты тамашалауға болады. Тағылымды шараға өңір басшысы Асайын Байханов та қатысты.

Өңір басшысы мұражай қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Іс-шараға жиналған халық үшін домбыра шанағынан төгілген шежірелі күй шертілді.

Музейде көрсетілген қызықты жәдігердің бірі - Аллажар Әбдіразақова шапаны. Көзі тірісінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының досы болған. Тарихи деректерге сүйенсек, ғұлама өмірінде тек бір рет суретке түскен және сол фотосуретте бейнеленген адамның бірі – Аллажар Әбдіразақов. Шапанды мұражайға тапсырған Аллажар Әбдіразақовтың келіні Гүлдана Айыпқызы.

Кішкентай көрермен назарына Потанин мұражайы Гарри Поттер қиял-ғажайып шығармасының кейіпкерлері көрсетілді. Сондай-ақ мұражай кіреберісінде қолданбалы өнер жәрмеңкесі ұсынылды. Онда моншақтардан жасалған зергерлік бұйымдар, кофе дәндерінен жасалған қолөнер және ұлттық киімдегі қуыршақтар қойылған.

Әлия Жұмартова, облыстық Потанин тарихи-өлкетану музейі қорының бас сақтаушысы:

Біз Гарри Поттердің жанкүйерлерін таң қалдыруды шештік. Біздің мұражайдың жертөлесінде Хогвартс мектебі қайта құрылды. Гарри Поттердің жанкүйерлері оның әйгілі сыпырғышын және әйгілі фильмдеріндегі барлық заттарды көре алады.

«Ертіс» мұражайы көрермен назарына өңірдің ежелгі тарихы туралы фильмдер ұсынылса, Әскери даңқ мұражайында — әскери фотохроника көрсетілді. Сондай-ақ Багаев мұражайында қала тұрғындары 19-20 ғасырдың киімдерімен фотосуретке түсіп қызыққа бөленді.

Ақмаржан Қалымбек, Анастасия Ерш