Ертіс-Баян өңірінің өнерпаздары мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Облыс әкімі Асайын Байханов өңір өнерпаздарын арнайы келіп құттықтады. Бірқатар қызметкерлерді марапттады.

Алдымен барлық қала, ауданнан келген мәдениет қызметкерлері қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Өнерпаздар өмірдің суреткерлері. Елдің рухы әрі болмысы. Қай елдің болмасын бағындырған сана биігі өнері мен мәдениеті арқылы бағаланады.

Амангелді Қожанов, И. Байзақов атындағы облыстық филармония басшысы:

Барша әріптестерімізді, өнерде жүрген азаматтарды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді. Көптеген жобалар өтіп жатыр. Өте сәтті шыққан жобалар көп. Төрт айдың ішінде 8 гастроль. Аудандарды қамтып жатырмыз.

Өнерлі өрге жүзеді. Халықтың құрметі мен қошеметіне бөленеді. Қай уақытта да халықтың жанашыры да өнер және өнер қонған өнерпаз болған.

Жүсіпбек Аймауытоы атындағы қазақ музыкалы драма театры аймағымыздағы қарашаңырақ өнер ордасы. 30 жылдан астам тарихы бар театр осы уақытқа дейін көрермендерге жүздеген қойылым ұсынды. Әрқашан жаңашылқтықтың жаршысы болып келеді.

Нұркен Тұрлыбектегі, Ж. Аймауытов атындағы облыстық театрдың бөлім меңгерушісі:

Театр көрерменнің болмысын тәрбиелеуде аянбай қызмет етіп жатыр. Сол үшін бүгін біз үшін керемет күн, керемет сәт.

Бұдан кейін шара облысы әкімнің қатысуымен өткен концерттік бөлімге ұласты. Онда Асайын Байханов бірқатар өнер және мәдениет қызметкерлерін марапттады. Баршасын кәсіби мерекемен құттықтады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызм еткерлері және ардагерлері сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бұл атаулы күн біздер үшін ата қымбат.

Шара әрмен қарай өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Жанасыл Серікбол