Қала, ауыл-аймақта көгалдандыру жұмыстары басталды. Май ауданында да абаттандыру ісі жандануда. Былтыр өлкедегі 11 ауыл мен Көктөбеде 3 мыңнан аса түп ағаш отырғызылып, гүлдендірілген болатын. Биыл да 3680 ағаш егу жоспарланып отыр. Бұл күні оның 60 пайызы орындалды.

Мыңға жуық тұрғыны бар Баскөл ауылының үлкен-кішісі бүгін тал егуге шықты. Жуырда сайланған ауыл депутаты Берік Ескендіров демеушілердің көмегімен тапқан қарағайдың 100 өскінін жерлестерімен бірге отырғызды.

Ерболат Арғын, Баскөл ауылының әкімі:

Өскіндер жылдан жылға бағасы өскендіктен, біздер міне осындай шағын балапан өскіндерді әкелеміз Павлодар қаласынан. Дәл бүгін менің қолымда ұстап тұрғаным бұл «ЛандшафдизайнПавлодар» ЖШС бастығы Чашин Антон Сергеевич азамат осы өзіміздің сайлаған мәслихат депутаты Ескендіров Берік Хайроллаұлына демеушілік көрсетіп біздер жаңа соны қаладан әкелген бетіміз.

 Ауыл қарағайды 3 жылдан бері егуде. Былтыр салған мына өскіндер бүгінде әжептәуір бой көтерген. Ауыл тұрғындары соларды қазып алып ардагерлер саябағына отырғызды. Қызметпен ауылдан жырақта жүрген елді мекен тумалары да игі іске ат салысты.

Жайрангүл Балтабекова, Май аудандық ішкі саятсат бөлімінің басшысы, баскөл ауылының тумасы:

Бүгінде Май ауданында 11 ауылдық округ бар. Осының көктем келісімен көгалдандыру абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мен Баскөл ауылының тумасымен бүгін өз елімде көшет отырғызу бұырыпты маған.

Бөлінген 100 дана өскіннің біразын депутат өзінің туған жері Ақсу ауданының сырлы қала елді мекеніне екті. Былтыр 9-мамырда ауыл азаматтары бірігіп орнатқан ескерткіштің жанында енді әдемі талдар бой көтермек. Ауыл бүлдіршіндері үлкендерге көмектесіп, су құйып мәз болысты.

Берік Ескендіров , аудандық маслихат депутаты:

Әкеңнен мал қалмасын тал қалсын» дейді. Өзі туып өскен ауылыма «Сырлы қала» бөлімшесіне келіп отырмын. Ауылдың кішкентай өзіміздің балаларымыз көмектесіп жатыр. Әр ауылда ауылдың тұрғындары осындай өзі туған ауылына тал отырғызып көмектессе осындай сауапты іс.

Айта кету керек, былтыр ауылға балалар ойын алаңы орнатылған. Биыл елді мекенге кіре берістегі 1 шақырым 200 метр жол жөнделмек.

Гүлсара Мәлікова