Павлодар облысының жамағаты Алладан жаңбыр тілеп, тасаттық берді. Жиында өңіріміздің аудан қалаларынан келген имамдар және мұсылман қауым қатысты. Жан жақтан жиылған имам молдалар жауын тілеу намазын оқып, құрбан шалды.
Биылғы жаз еліміз үшін тосын мінез танытты. Жаздың алғашқы күндерінен бастап, күн райы күрт ысыды. Шілдеде болатын шіліңгір ыстық даланы қуратып, егінді күйдіріп тұр. Осыған орай Павлодар облысының жамағаты Алладан жауын тілеп, тасаттық берді.
Қанат Қабаев, Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы:
Климаттың өзгеруі ме, Алланың бір сынағы ма? Алланың ескертуі мен биылғы жылы Павлодар облысын алатын болсақ, жаңбыр жаумай тұр. Көктемнен бері жауын жауған жоқ. Бас имам өзі басқарып, Жолдас қоспақұлы имам болып, екі бас «Истисха» намазы оқылды. Ол жауын тілеу намазы деп аталады. Сол жауын тілеу намазы біздің елемізге жерімізге береке берсін, жауын жауа көрсін деген ниетпен, жауын жауа көрсін деп Алладан дұға тілеп, екі бас намаз оқылды.
Тасаттық рәсіміне өңірдің аудан қалаларынан 500-ге жуық жамағат қатысты. Олар дұға жасап, құрбан шалды. Жиында имамдар жамағатқа жауын тілеудің туралы уағыздарын айтты.
Қанат Қабаев, Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб имамы:
Біз ең бірінші Алладан тілеуіміз керек. Алладан жалбарынуымыз керек. Жаңбыр жапса да , жаппаса да, біздің ең бірінші істейтін әрекетіміз ол Алладан дұға тілеу. Әсіресе, біз осы уақыттарда кешірім сұрауымыз керек. Истихфар жауамыз керек.
Тасаттық жасау – қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Осы арқылы адамдар Алладан кешірім сұрап, жауын беруін тілейді.