Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірінші жартыжылдық қызметінің қорытындысын шығарды. Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқыруға қай салалар бейім?
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бірінші жартыжылдықта 1 миллиард 615 миллион теңгені құрайтын заң бұзушылықтарды анықтады. Стастистикаға сүйенсек, бюджет қаражатын жымқыруға білім беру жүйесі, мәдениет және спорт салалары бейім.
Дәурен Махметов, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы:
Тексеру барасында бір ғана лауазымды тұлға 48 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Бұл әрекетін екі ұйымда қызмет етіп жүргенде жүзеге асырған. Бұдан бөлек талдау барысында «Мектепке дейінгі үш мекемеде бухгалтерлердің 63 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлауы анықталды.
Қазір кінәлі деп танылған лауазымды тұлғаларға қатысты материал құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі де назардан тыс қалмады.
Ақмаржан Қалымбек