Қара шаңырақ Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ драма театрының 34-ші маусымы өтті. Жабылу салтанатында театр саңлақтары ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ұждан»қойылымын сахналады.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрдың 34-ші маусымының жабылуы ерекше қойылыммен өтті. Театр ұжымының 80 пайызын қамтитын жаңа премьера «Ұждан» қойылымы көрерменге ұсынылды. Шәкәрім ақынның шығармашылық пәлсапасына құрылған әфсаналық қойылымы жиналған көрерменнің көпшілігіне ой салары анық.

Нұркен Тұрлыбек, әдеби бөлімінің меңгерушісі:

Биыл қазақтың ойшылы, философ, ақын Шәкірім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толып отыр. Осы орайда ақынның «Ұждан» шығармасын сахналадық. Режиссері мәскеулік кино және театр актері. Жалпы біз «Ұждан» арқылы адамзаттың беь бейнесін ашуға тырыстық.

Театр ұжымы «Ұждан» қойылымна екі айдан аса уақыт дайындалған. Жалпы, «Ұждан» сөзі Ар-ұждан деген сөзден алынған. Адамзаттың бойынан жоғалып бара жатқан адамгершілік қаситтерінің сипаттамасы. Театр ұжымы осы қойылым арқылы қоғамға үндеу тастауды мақсат еткен.

Бауыржан Манатбекұлы, актер:

Бұл қойлымда адамның өзінің ар-ұжданының алдындағы жауапкершілігі. Өзге адамдардың алдындағы жауапкершілігі. Жалпы, өмірдегі әркімнің миссиясы әр түрлі ойлауы туралы қозғалады. Актер бір ғана актерді сомдамайды. Бірнеше кейіпкерлерджі сомдаймыз.

Актерлер бір деңгейде, түрлі образдарды сомдайды. Қойылымның негізгі өзегі «ар, ұят, ынсап, намыс» жайлы баяндалған. «Ұждан» қойлымының режиссері Мәскеу қаласынан арнайы келді.

Азамат Нығманов, «Ұждан» қойылымының режиссері:

Адамды адам қылатын адами қасиеттер жайында көрсетіледі. Бұл қойылымның ғұмыры ұзақ болады деп сенемін. «Ұждан» премеьрасы еліміздің екі қаласында гастрольдік сапарда боды. Шәкәрім Құдайбердіұлның туған жерінде де сазналанды. Көрермендерде өте жылы қарсы алды.

34-ші маусымда театр майталмандары «Күзгі махаббат», «Мен жоқ жердегі менің өмірім», «Кездесу мен қоштасу», «Ұждан», «Ұрылар» премьраларымен қатар кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Айлакер түлкішек» ертегісін ұсынды.

Мөлдір Сағидолла