Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне биыл 30 жыл. Осыған орай елімізде «Шежіреден болашаққа» кинолекториясы ұйымдастырылды. Павлодарда кино апталығы аясында 4 фильм көрерменге ұсынылады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені 30 жыл жұмыс істеп тұр. Ондағы деректі кино орталығы елдегі түрлі тарихи кезеңдерді және қарапайым тұлғалардың өмірін таспаға түсіріп келеді. «Шежіреден болашаққа» кинолекториясы Астана қаласында мамыр айында «Арал» деректі фильмінен басталды. Енді міне Павлодарға жетті.  


Кинолекторияның негізгі мақсаты деректі фильмдерді көпшілікке көрсету, қызығушылығын ояту. Себебі осы фильмдер елімізде орын алып жатқан маңызды, тарихи сәттердің куәсі. 

Эльмира Ишмұхаметова, ҚР президенті телерадиокешенінің «Деректі кино» орталығының аға редакторы

Павлодар кинолектория аясында 12-ші қаламыз. Мында біз бүгін «Серт» фильмін көрсетеміз. Яғни 2024 жылғы көктемгі су тасқыны салдарына зардап шеккен аймақтарды, олардың тұрғындарын көрсетеміз. Табиғи апатты бірге өткеруге көмектескен кезеңді көрсетеміз. Бұдан бөлек, бүгін «Тревел қазақстан» фильмін ұсынамыз. Олар еліміздің туристік әлеуеті туралы айтады. Әлемдік нарықта бәсекелестікке түсе аламыз ба сол туралы айтамыз. 

Сонымен, бүгін павлодарлық көрермендер үшін Президент телерадиокешені дайындаған «Серт» және «Тревел Қазақстан» деректі фильмдері ұсынылды. Ұзақтығы 30 минуттай. Бастысы бұл фильмдердің кейіпкерлері қарапайым ел тұрғындары. «Ертіс» кинотеатрында жиналған көрерменнің қарасы қалың болды. Бәрі де деректі кино орталығы ұсынған туындыларға жоғары баға берді. 

Любовь Нұрғазинова, қала тұрғыны

Жаңағы бірінші «серт» деген. Халықтың ауыртпашылығын көрсетті. Президенттің қамқоры, сөзінде тұруы, бірлігі көрінді. Жүрегіміз толқып отырды. Өте жақсы фильм. 

Кинолекторийдің екінші күні көрерменге «Құлалы аралының адамы» және «Қуатты серіктес» фильмдері көрсетілмек. Біріншісі Құлалы аралында тұратын гидрометеоролог туралы болса, екінші фильм Мемлекет басшысының Жапонияға жұмыс сапары туралы болмақ. 



Самал Қалиқызы