Ақсу қаласында қала күні және металлургтер күні аталып өтілді. Айтулы мерекелік шара аясында тұрғындарға спорттық шаралар мен концерттік бағдарлама ұсынылды. Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары ақсулықтарға мерекелік ән кешін ұсынды.
Металлургтер айрықша күш пен қайрат иелері . Олардың бойында тулаған жігер бүкіл қалаға қуат береді, Атаулы күнге орай ақсулық зауыт қызметкерлері аарсында «Зауты батыры» сайысы ұйымдастырылды. Онда қатысушылар ауыр бөренелер мен үлкен жүк көлігінің дөңгелегін көтеріп жарысты. Соңында сом білекті балуандар автобус сүйреп сынға түсті.
Мұратбек Қуандық, металлург:
Бүгін, міне, өзіміздің зауыттың арассында Ақсу қаалсының аарсында силавой экстрим болып жатыр. Арасында ең мықтысы мына автобусты сүйреу болды. Мереке құтты болсын!
Ақсу феррақорытпа зауытының тарихы қала тарихымен бірге жасап келеді. Осы уақытта істейтін әр қызметкер туған қаланың гүлденуі мен көркеюіне айрықша ат салысуда.
Ардақ Сағындықов, металлург:
Бүгінгі меркесімен барша зауыт қызметкерлерін құттықтаймын. Зауатымыз өркендей берсін! Бәріне тілейтінім зор денсаулық!
Наталья Габибова, Ақсу ферроқорытпа зауытының мәдениет бөлімінің директоры:
Барша қала тұрғындарын қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Шаһарамыз гүлдене берсін! Бұған әрқайсымыз үлес қоса аламыз. Бар жақсылықты тілеймін.
Ақсу қаласы бүгінде өзінің дара даму жолына түскен шаһар. Ел бойынша үздік көрсеткіштерді иеленіп келеді.
Нұрлан Байбәкіров, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары:
Баршаңызды қала күні және металлургтер күнімен құттықтаймын. Инфрақұрылымы қалыптасып келеді.
Мерекелік шараға жергілікті және елімізге танымал этсрада жұлдыздары ән шашу арнады. Кештің басты қонақтары Райым, Бүркіт пен Айша.
Тұрғындар да Қазақстанның эстрада жұлдыздарына айрықша ықыластарын білдірді. Қала күнімен құттықтай келген әншілерге шексіз алғыстарын жеткізді.
Жанасыл Серікбол