Инвесторлар ауылға жұмыс істеуге келгендердің барлығына тұрғын үй, қомақты жалақы және барлық әлеуметтік пакетті береміз деп уәде береді. «Май Агро_М» ауылшаруашылық кәсіпорнының жоспарлары зор, алайда жұмыс қолы жетпейді. Ауыл инвесторы Майтүбек ауылының тың жерлерінің бұрынғы даңқын жандандыруға ниетті. Біздің түсірілім тобы Май ауданының егістіктерінде болды.

Инвестор ауылды көркейту мақсатымен ұзақ уақытқа келді. Кәсіпкер ауыл тұрғындарының көмегіне үміттенеді. Олар үшін тіпті егістік пен далалық диірмендерге шағын экскурсия ұйымдастырды. 69 жыл бұрын мұнда алғашқы қазықты қаққан тың игеруші Владимир Вершинин үшін бұл үлкен қуаныш. Қара жерждің жаңадан сұранысқа ие болып, өнім беріп жатқанын көру тың серпіліс.

Владимир Вершинин, алғашқы тың игеруші, зейнеткер:

Бізде тек нан болды, екінші тың жер тек нан ғана емес, бұл -көкөністер, жемістер. Жаңа техника өте ұнады .

Бұрынғы совхоз агрономы да егістіктерден алған әсерін жасырмады. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында осы алқаптардың негізінде тары тұқымын өсіру учаскесі жұмыс істеді.

Ғазиз Мұқаев, «спутник» ауылының бұрынғы агрономы:

Мен көргендеріме өте қуаныштымын, болашақ суармалы өсімдік шаруашылығында, мұндай кәсіпкерлер көп болса жақсы болар еді.

Осы құрғақ жаздың өзінде суармалы егіншіліктің арқасында шаруашылық картопты өнімді жинауға үмітті. Дала жұмыстарымен қатар 8 жарым мың тоннаға картоп қоймасының құрылысы жүргізілуде. Инвесторлардың алдында тұрған жалғыз мәселе-жұмыс қолының тапшылығы.

Дулат Бекетов, «май-агро-м» жшс директоры:

Механизаторлар жетіспейді, прораб, агроном жоқ, қоймалар салынуда, біз бес үйді қалпына келтіргіміз келеді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жастарды қолдауға және оқытуға көмектесуге дайын. Білікті агрономдар, құрылысшылар қажет.

Ауылда көп оң өзгерістер байқалады. Соңғы 70 жыл ішінде алғаш рет жолдар төселіп, әлеуметтік нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әлібек Айдаров, Майтүбек ауылының әкімі:

Ауылдың өмірі жақсарып, жолға қойылып келеді. Бізде сондай-ақ оңтүүстіктен солтүстікке бағдарламасы бойынша көшіп келген қоныс аударушылар бар. Олар Алматы облысынан. Әйелі мамандығы бойынша фельдшер, жолдасы тракторист. Ол қазір эксковаторда жұмыс істейді. Бастарына үй бердік. Балаларын мектепке орналастырдық. 5 балсы бар тағы бір отбасы көшіп келіп жатыр. Әйелі педагог, жолдасы тракторист. Бізге қазір техникалық мамандығы бар жұмыскерлер бізге қажет.

Ауыл өмірі мемлекеттік бағдарламалардың арқасында қайта жандануда. Тұрғындар оң өзгерістерді көзімен көріп, сезінуде.

Ауыл өзінің де, елді мекеннің де өмірін көркейтуге дайын еңбекқор, өз жерінің игілігі үшін жұмыс істеу үшін дайын жандарды құшағын жая күтуде.

Гүлсара Мәлікова, Гүлмира Бақтиярова